Өлеңінен от лаулаған ақын

Осынау бір аумалы-төкпелі бейопа өмір мен табиғаттың қабағы да қырық құбылған қыс-ақпанмен үйлесім тауып тұрған шақта, атақты Қадыр ақынша сөз саптасақ, «байдан да, баладан да», қоғамнан да бір қайыр көрмей, төрт құбыласы бүтінделмей асау арманын арқалап 36 жасында-ақ мерт болған ақын Сағатолла (Сағат) Әбдуғалиевті Тайпақ жұрты 75 жасына орай еске алып, һәм біразы өлеңдерін де тірілткендей күй кешті.

Сабақтар ұлттық сипат алуы тиіс

«Ана тілің – арың бұл» кешенді іс-шаралар шеңберіндегі жұмыстар нақты нәтижесін беруде. «Ұлттық құндылықтарды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қалыптастырудың инновациялық жолдары» атауымен облыстық семинар аудан орталықтарында өтіп жатыр. Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысындағы филиалы және Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті аудандық білім бөлімдерімен бірлесе ұйымдастырған іс-шараға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары қатысып, тәжірибе алмасуда.