Отбасы күні қарсаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Әбдірахманова мен ШЖҚ «Облыстық көпбейінді ауруханасы» МКК директорының міндетін атқарушы Құттымұрат Жақсығалиев денсаулық сақтау саласының ардагері, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері Серік Хайрекешовтің жанұясын мерекемен құттықтады.

Үй иесі меймандарды ерекше ілтипатпен қарсылап, өмірлік тәжірибесімен бөлісті.

Серік Ғұмарұлы 1948 жылы 8 тамыз күні Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында дүниеге келген. 1968-1973 жылдар аралығында Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік медицина университетінде емдеу ісі мамандығы бойынша білім алған. 43 жыл бойы Орал қаласындағы облыстық клиникалық ауруханада хирург-дәрігер, бөлімше меңгерушісі ретінде ерінбей-жалықпай қызмет етеді. Ал 2017 жылдан 2022 жылдың сәуір айына дейін ШЖҚ «Көпбейінді қалалық ауруханасы» МКК шұғыл хирургия бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

Серік Ғұмарұлының ұрпағы әке жолын қуды. Ұлы Арманның мамандығы – хирург-дәрігер. Ол бүгінде Орал қаласында орналасқан «Мед орталық» ЖШС директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары. Келіні Әлия Жалмұханова – ШЖҚ «Қалалық көпбейінді ауруханасы» МКК гинекология бөлімшесінде гинеколог-дәрігер. Қызы Анар – ШЖҚ «Тері-венерологиялық орталығы» МКК амбулатория бөлімшесінің меңгерушісі. Мамандығы – дерматовенеролог-дәрігер.

Денсаулық сақтау саласында ұзақ жыл бойы жемісті еңбек еткен Серік Хайрекешовтің немерелері де болашақта дәрігер атанғысы келеді.

Марлен ҒИЛЫМХАН

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *