Ауыл медицинасы ақсап тұр! Неге?

Аптаның басында аудандық орталық ауруханада есеп беру жиналысы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Н. Әбежан, аурухананың бөлімше меңгерушілері, ауылдық дәрігерлік амбулатория аға дәрігерлері қатысты.

Атырау облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер

Мен, Семғалиев Әлібек Аманжанұлы, осы өңірде туып-өстім. 1993 жылы Атыраудағы №22 орта мектерті тәмамдадым. 1998 жылы Атырау университетінің мұнай және газ институтының «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» және 2004 жылы «Мұнай және газ кенін игеру» кәсіптері бойынша «Тау-кен инженері», 2019 жылы Anglia Ruskin University, Cambridge and Chelmsford, UK, London School of Marketing (LSM) МВА мамандықтарын алдым.

ҚАР ҚҰРСАУЫНДАҒЫ ҚАЛА

Атырауға ақырған аяз әдетте ақпанда келеді. Қалың қар да осы уақытта жауады. Желтоқсан жеңіл желімен жүреді. Қаңтар қаңтарулы күй кешеді. Ал, қыстың соңғы айы қоштасуға қимағандай бар қаһарын төгеді. Биыл да солай болды.