СЕМҒАЛИЕВ ӘЛІБЕК АМАНЖАНҰЛЫНЫҢ

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен, Семғалиев Әлібек Аманжанұлы, осы өңірде туып-өстім. 1993 жылы Атыраудағы №22 орта мектерті тәмамдадым. 1998 жылы Атырау университетінің мұнай және газ институтының «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» және 2004 жылы  «Мұнай және газ кенін игеру» кәсіптері бойынша «Тау-кен инженері», 2019 жылы Anglia Ruskin University, Cambridge and Chelmsford, UK, London School of Marketing (LSM) МВА мамандықтарын алдым.

Еңбек жолымды «Бұрғышы Сервис» ЖШС-ң 4 разрядты бұрғышының көмекшілігінен бастадым.

2000-2003 жылдары «Сазанқұрақ» ЖАҚ БК-ң мұнай өндіру операторы. 

2003-2005 жылдары осыы компанияда мұнай өндіру шебері.

2005-2006 жылдары кен орны басшысы. 

2006-2011 жылдары «Сазанқұрақ» ЖШС-ң бас механигі лауазымын атқардым.

2011 жылдың қарашасынан 2022 жылдың мамырына дейін «Сазанқұрақ» ЖШС-ң бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, «Адай Петролеум Компани» ЖШС-ң бас директоры, «Прикаспиан Петролеум Компани» ЖШС-ң бас директорының міндетін атқарушы қызметтерінде болдым.

   2016-2020 жылдары «АМАNАТ» партиясынан ұсынылған Атырау қалалық маслихатының VI шақырылым депутаты,  2021 жылдың қаңтары мен 2023 жылдың қаңтары аралығында облыстық маслихаттың VII шақырылым депутаты болдым.

Бүгінгі таңда Атырау облысы Кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы қызметін атқарып жүрген мен үшін жұмыстың бағыты – жұмыс беруші мен жұмыскердің, атқарушы билік пен жұмысшылар арасында алтын көпір бола отырып, жұмысшы-қызметкердің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғайтын ұжымдық шарт талаптарының орындалуын қадағалау.

Үйленгенмін, отбасында үш ұл, бір қызымыз өсіп келеді.

Құрметті жерлестер!

Мен осынау қазыналы аймақтың төл перзенті ретінде осыған дейін Атырау қалалық маслихатының VI шақырылымының және облыстық мәслихаттың  VII шақырылымының депутаты болып, өзімнің сайлаушыларға берген сайлауалды бағдарламамның орындалуына бар күш-жігерім мен білімімді, қабілетімді жұмсадым.

— Исатай ауданынан депутаттық мандат алған мен облыстық мәслихат сессияларында ауданда заманауи үлгідегі жаңа мектеп, балабақша, спорт кешені, ауыл шаруашылығы колледжі құрылыстарының бой көтеруіне, бюджеттен қажетті қаражаттың бөлінуіне ықпал еттім.

— Аққыстауда демеушілік қаражатқа халықтың демалысына қолайлы алаң жасақталды.

— Нарында 5 балалы отбасына қайырымдық қоры арқылы үй сатылып алуға, Жаңа Жанбайда бір отбасының апаттық жағдайдағы үйінің төбе шатырын жөндеуге демеушілік көрсетілді.

— Доссорда 7 баланы анаға қайырымдылық қоры арқылы пәтер алынып берілді.

— Жалғызбасты 4 балалы анаға өз қаражатымнан үй сатып алынды.

— Кикбоксинг федерацияның президенті ретінде спортта жоғары жетістіктерге жеткен жастарды ынталандыру мақсатында екі Әлем чемпионына өз қаражатым есебінен  2 үй сатып алып сыйладым.

— Қаладағы №23 орта мектеп жанынан балаларды еңбекке баулу мақсатында жылыжай салып беруге демеушілік жасадым.

— Мүмкіндігі шектеулі балалардың Жаңа жылдық кешінің ойын-сауығын ұйымдастырып, сыйлықтар әзірленді.

— Ата-анамның кіндік қаны тамған Қызылқоға ауданының Қаракөл ауылында өз қаражатыма 300 орындық «Бөкен би» есіміндегі мешіт салынып берілді.

— 2020 жылы Ковит кезінде кәсіпкерлердің басын қосып, жиналған қаражатқа 100 ИВЛ аппараты алынды.  500 отбасына азық-түлік себеті дайындалып үлестірілді.

— Қаланың жаңадан бой көтерген тұрғын үй ықшам аудандарына инфрақұрылым тарту, жол салу, жарықтандыру мәселелерінің шешімін табуына ықпал жасалды.

— Атырау мұнау өңдеу зауытының экологияға тигізіп жатқан зиянды қалдықтары туралы 3 рет отырыста қаралып, улы заттардың көлемін тексеретін жаңа тексеру құрал-аспаптары сатылып алуға жергілікті бюджеттен қаржы бөлінуге ықпал етілді. АМӨЗ бен Қазгидромет мекемесіне бұл құралдар сатылып алынды.

— Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің түбін тереңдету, каналдар қазу, «Тухлая балка», «Квадрат»  булану алаңдарын қайта қалпына келтіру және Доссор поселкесінің экологиялық мәселелері «AMANAT» партиясының облыстық филиалы алаңында ашық талқыға түсті.

— Таяу бесжылдыққа жоспарланған «Жол картасында» көзделген экологиялық, қоршаған ортаны жақсарту бағытында нақты атқарылатын іс-шараларды бақылау, назарда ұстау мақсатында құрылған қоғамдық кеңестің төрағасы ретінде облыстық мәслихат сессиясында депутаттар тобымен бюджеттен тиісті қаражат бөлуге қол жеткізілді.

— Облыстағы Кәсіпкерлер кеңесіне төрағалық етуіммен 2022 жылы кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің 9 отырысы өтіп, онда 22 мәселе қаралды. Кеңес отырысының қорытындысымен 26 ұсыныс енгізіліп, оның 14-і оң шешімін тапты. Қалғаны қаралу үстінде.

— Облыстың білім беру саласы қызметкерлеріне отын сатып алуға деп жылына бір рет берілетін 5000 теңгелік төлем көлемін көтеру жайына байланысты, жергілікті әкімдіктер мен мемлекеттік органдарға хат жолдады. Нәтижесінде облыстық экономика басқармасы жуық арада бұл төлемақыны 5 айлық есептік көрсеткішке дейін көтеруді ұйғарды. Ол облыстық мәслихаттың алдағы сессияда бекітілетін болады. 

— Барлық аймақтық және аумақтық партия филиалдарында 2022 жылдың қорытындысы бойынша «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы жанынан құрылған экологиялық қоғамдық кеңес бойынша 3 отырыс өткізілді. Күн тәртібінде өңірге қатысты маңызды мәселелер қаралып, 10 ұсыныс   хаттамалық негізде құзырлы органдарға және партияның  Орталық апппаратына жолданды. 

— Партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына 100-ге жуық азамат түрлі мәселелермен келіп, өтініштерінің 70 проценті оң шешімін тапты. (Олардың ішінде қаржылай көмек көрсету, жұмысқа орналастыру, т.б)

Тәуелсіз еліміздің даму тарихындағы алдағы аса маңызды саяси науқанға өзімнің өндіріс ісін ұйымдастырып, басқарудағы менеджерлік және қоғамдық жұмыстарды орындаудағы іс-тәжірибемді, осы уақытқа дейінгі сайлаушыларға берген сайлауалды бағдарламамның орындалуына жұмсаған бар күш-жігерім мен білімімді, қабілетімді арнаулы жөн көрдім. Яғни Конституциялық құқығымды пайдаланып, «АMANAT» партиясы атынан Атырау облыстық мәслихаты депутатын сайлау жөніндегі №1 сайлау округінен облыстық мәслихаттың депутаттығына 

үміткер болуға  шешім қабылдадым.

Қадірменді сайлаушылар!

Мемлекет басшысының қазіргі саясатын қолдап, оны жүзеге асыруды өз мүмкіншілік шеңберінде азаматтық парыз ретінде қабылдап, сайлауалды бағдарламамды орындауда келесідей шаралардың орындалуын мақсат етіп отырмын::

  • 2023-2027 жылдарға арналған «AMANAT» партиясының Атырау облысы бойынша сайлауалды бағдарламасы іс-шаралар жоспарының Атырау қаласы бойынша орындалуына депутаттық бақылауды жүргізу. Нақтырақ айтқанда:
  • Ауылшаруашылығы саласында 21,2 млрд теңгеге 14 инвестициялық жоба (353 жұмыс орны);
  • «АУЫЛ АМАНАТЫ» пилоттық жобасы аясында 20-дан аса ауылдық округтерді қамтитын 900-ден астам жобаны қаржыландыру;
  •  «ЖЕР АМАНАТЫ» партиялық жобасы аясында 210 мың гектардан астам жайылымдық жерді қайтару;
  • 2027 жылға дейін 3,8 млн.ш.м. астам тұрғын үй құрылысы;
  • Облыс тұрғындарын тасымалдайтын 39 жаңа автобуспен қамтамасыз ету;
  • Қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарын 95 пайызға жеткізу;
  • 14 елді мекенді таза (100) ауыз сумен қамтамасыз ету, 8 елді мекенде газ тарату (99,8) желілерін тарту;
  • Депутаттық құзыреттілігі шеңберінде Атырау экологиясын жақсарту, Жайық өзенінің түбін тазарту, кеңейту жұмыстарының жайын ұдайы назарда ұстау;
  • Жұмыспен қамту, жұмыссыздықты азайту мен оған қарсы күрес шеңберіндегі мемлекеттік саясаттың іске асуына үлес қосу;
  • 2023-2024 жылдары Атыраудың Қайыршақты ауылдық округіне қарасты аудандарда құрылыстары жүргізілетін тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар: атап айтқанда «Жұлдыз-2»,«Жұлдыз-3», «Көктем» ауылдарынан 600 және 900 орындық үш мектеп, Томарлыдағы 150 орындық саз мектебі,Томарлы-2, «Жұлдыз-2», Бесікті, Талғайраң ауылдарынан бой көтеретін әрқайсысы 160 — 290 орындық төрт балабақша, Бесікті мен Талғайраңда  мәдениет үйі, Көктем, Томарлы мен Жұлдызда дене шынықтыру спорт кешені,  Қайыршақты ауылында шағын футбол алаңы құрылыстарының жүру барысы, бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуы, құрылыс нысандарының салыну сапасы мен жүру барысы үнемі менің депутаттық назарымда әрі бақылауымда болады;
  • Тоқсан сайын сайлаушылармен кездесіп, депутаттық қызметім туралы толық ақпарат беруге, тұрғындарды жеке мәселелері қабылдауға, олардың көтерген мәселелерін, ұсыныстары мен ой-пікірлерін жергілікті атқарушы билікке жеткізуге, мемлекеттік органдардың жауапты тұлғаларына депутаттық сауал жолдау арқылы шешуге күш салып отыратын боламын.

Сіздерге орындалмайтын уәделер беруден аулақпын, бірақ, осы округтегі қордаланған проблемаларды шешуге барлық күш-жігерімді, білімім мен ұйымдастырушылық қарым-қабілетімді жұмсаймын.

Қала мен оның аумағына кіретін ауылдық округтерде тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері толықтай шешіліп болды деуге әлі ерте. Мәселен, осы №1 сайлау округі 20 мыңға жуық халықы бар үлкен елді мекен. Әр тұрғынның көкейінде ауыз су, жол қатынасы, жарық, кәріз жүйесін тарту, қоғамдық көлік мәселелерінің өткір тұрғанын мен жақсы білемін. Сонымен қатар, мемлекеттік құжат бойынша саяжай учаскелері үшін берілген жер телімдерін жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге ауыстыру мәселесі де біраз жылдан бері айтылып жүргені белгілі. Менің ойымша, жоғарыда айтқан мәселелер шешімін табуы тиіс. 

Депутат ретінде сайланған кезде өздеріңіздің аманаттарыңыз бен Мемлекет басшысы қабылдаған бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған шаралардың орындалуына үлесімді қосатын боламын.