Бармасан, келмесен, жат боларсын…

Соңғы бір-екі айдан бері әлеуметтік желілерде «енді елімізді қара қытай жаулайды» деген сыңайлы алып-қашпа жазбалар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетті. Әуелі бұл жазбаның о баста қайдан пайда болғанына үңіліп көрейікші. Бұл пікірлер негізінен «Қазақстан мен Қытай азаматтары 30 күн визасыз жүре алады» деген мәселеге байланысты туындап отырғаны анық. Одан солай болады екен деп үркудің қажеті жоқ. Сарапшылардың айтуына қарағанда, бұл үрдіс әлемдік тәжірибеде бұрыннан бар. Өйткені, жаhанның жүзден астам дамыған мемлекеті осы бағытта оңтайлы жұмыстар жүргізіп, өз елдерінің экономикасын өркендетуге әлдеқашан кірісіп те кеткен. Біз қазір кез келген нәрсеге айдың-күннің аманында үрке қарайтын болып алғанбыз.

КІТАП МӘДЕНИЕТІ

Біз күнделікті қолданыста кітап оқу — өнер деп айтып жатамыз. Шындығына келгенде, кітаптың нақ өзі үлкен өнер туындысы деуге толық негіз бар. Өйткені, кітаптың көз тартар мұқабасынан бастап, оның ішіндегі безендірілуі, дизайндық ерекшеліктері өзінше бір бөлек өнер дейтін болсақ, ал ондағы жазылған мәтіннің мән-мағынасы, кітап ішіндегі оқиғаның оқырманды елітіп әкетуінде де үлкен өнер әрі еңбек жатыр. Кітапты басып шығаруда көптеген қызметкерлер еңбектенеді. Және өз оқырманының жүрегіне жол табатын дүниені табады.

БАНКРОТТЫҚ ЖАРИЯЛАУ – несиені кешіру емес

Еліміз өз алдына тәуелсіздік алған отыз екі жыл ішінде әлеуметтік жағдайымыз едәуір жақсарғаны жалған емес. Алайда «медальдың екі жағы бар» дегендей, осы сөздің астарына тереңірек үңіліп қарасақ, біздің ойымыз бұдан былай басқаша өрбейтініне таң қалуға болмас. Сөйтсек, көпшілігіміз отыз екі жыл бойы банктерге қарыздар болып келіппіз ғой. Былайша айтқанда, есепсіз несиені үсті-үстіне банкіден ала беріппіз. Оның соңы, несие алушыларды қиын жағдайға қалдырды.

ЖЫЛЫОЙҒА ҰШАҚ ҰША МА?

Дәл қашан екенін ұмыттым, бірақ бұдан біраз бұрын облыстық теледидар жүгіртпе жол арқылы Атырау-Құлсары әуе жолы ашылатынын хабарлап жатты. Таң қалдым. Ау, ауданда ұшақ қонатын орын да жоқ қой. Ескі әуежайдың орнына тұрғындар әлдеқашан үй салып тастаған. Әлде жаңасын тұрғызды ма? Оны қалай білмей қалғанбыз?