Жыл басынан бері ХҚО-ларда 270 мың ЭЦҚ берілген

ХҚО арқылы электрондық цирфлық қолтаңба рәсімдеушілер саны қаңтар айында күрт өсті. Жыл басынан бері халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қазақстандықтар 270 мыңнан астам ЭЦҚ рәсімдеген, бұл көрсеткіш желтоқсан айымен салыстырғанда 30 % көп.

СӘУЛЕ ШАШҚАН САНАҒА

Әрине, ұстаз үшін жас ұрпаққа өзінің берген білігінің игі нәтижесін көруден артық, елге танымал шәкірттері жайлы көңіл қуантарлық лебіздер естуден асқан мақтаныш бола қояр ма екен, сірә. Атырау қаласындағы №19 Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептің байырғы мұғалімі Қаламқас Құмарова жаңа бір жаңалықты естігенде жаны тебіреніп, төбесі көкке бір елі жетпей шалқып, тасып қуанғаны бар.