Ақтөбе облысында бүгінде барлық ХҚО-да өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарының жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Онда жүзден астам қызметкер азаматтарға кеңес беріп, халықтың цифрлық сауаттылығын көтеруге ат салысуда. Тұрғындар компьютерлер арқылы керекті анықтамалар мен электронды қызметтерді өз беттерінше алуға машықтанып жатыр.
​Халыққа қызмет көрсету орталықтарында тек қағаз жүзінде ұсынылатын қызметтер мен еgov.kz порталында алдын ала ресімделген құжаттардың нәтижелерін алуға болады. Ал электрондық қызметтердің барлығын азаматтар өз бетінше egov.kz порталы, eGov mobile мобильді қосымшасы, EgovKzBot2.0 телеграм боты, Facebook және Вконтакте әлеуметтік желілері арқылы, сондай-ақ ХҚО-дағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторында оңай рәсімдей алады.​
​Зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүмкіндігі шектеулі тұрғындар жеңілдік терезесі арқылы бұрынғыдай кез келген қызметті ХҚО-дан ала алады.​
​»Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы анықтамаларды алу үшін бөгде азаматтарға жеке мәліметтерді ұсыну қауіпті екенін ескертеді.​
​Мемлекеттік корпорацияның қайта жанданған өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында барлық санитарлық нормалар сақталған. Сондай-ақ қызмет алушылар бетперде тағып, арақашықтықты сақтаулары тиіс.​
​Бұл орайда, індеттің өршуіне байланысты ХҚО-ға кезекті алдын ала онлайн брондау арқылы баруға кеңес береміз.

Қосымша ақпарат алу үшін:
Сәуле Хамидолла, «Азаматтарға арналған үкімет» Ақтөбе облысы бойынша филиалының ресми өкілі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *