ХҚКО #oqy&toqy айдарымен білім туралы құжаттардың, яғни мектепті бітіргеніңіз туралы аттестаттың не кез келген оқу орны дипломының төлнұсқасын алу жолдары үшін кеңес ұсынады. Сонымен білім туралы құжаттардың телнұсқасын алудың екі жолы бар:
🔑Еgov.kz арқылы:
📌Ең алдымен порталға кіріп, іздеу жолы арқылы «Білім туралы құжаттардың телнұсқасын алу» деген қызметті табыңыз. Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;
📌Бірінші қадамда өзіңіз туралы мәліметтерді, қайта қалпына келтіретін құжаттың түрін таңдаңыз;
📌Оқу орны жайлы мәліметтерді ұсынылған нұсқалардан «қосу» батырмасын басу арқылы көрсетіңіз;
📌Екінші қадамда ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз;
📌Қызмет нәтижесін жеке кабинетіңізден тексеріп отырыңыз.
Есіңізде болсын❗️
☝️Бұл қызмет түрін электронды алу үшін сіз міндетті түрде мобильді азаматтар базасында тіркелген болуыңыз керек.

⏰Қызмет көрсету уақыты – 15 жұмыс күні.

🔑ХҚО арқылы жүзеге асыру үшін:
📌Ең алдымен ХҚО-ға кезекті онлайн брондаңыз. Бронды растау үшін ХҚО-ға 20 минутқа ерте келіңіз;
📌ХҚО операторы арқылы «Білім туралы құжаттардың телнұсқасын алу» қызметіне өтініш қалдырыңыз;
📍Қажетті құжаттар тізімі:
📎Туу туралы куәлік немесе жеке куәлік;
📎Өтініш беруші кәмелет жасына толмаған азамат болса, оның ата-анасы немесе заңды өкілінің құжаттары.

Есіңізде болсын❗️
☝️ХҚО-ға бармас бұрын білім беру орынының мекенжайын, дұрыс атауын, оқу орнының атауы өзгерген болса, оның жаңа атауын, пошта индексін біліп алыңыз.
☝️Егер білім беру орны жабылып қалса, сұратылған құжаттың телнұсқасы жергілікті мұрағатқа сұрау жіберу арқылы алынады.

💰Қызмет көрсету құны – тегін.
⏰Қызмет көрсету мерзімі құжат тапсырған күнді есепке алмағанда 30 жұмыс күнін құрайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *