Ақтөбедегі мамандандырылған ХҚО-ның автодромы жаңартылады

Магнитті датчиктердің ауыстырылуына және жаңа жүйенің орнатылуына байланысты, мамандандырылған ХҚО-ның автодромында практикалық емтихан қабылдау тоқтатылды.
«Облыс орталығындағы мамандандырылған ХҚО 2015 жылы іске қосылды. Осы уақытқа дейін автодромның техникалық жағдайы нашарлады. Автокөліктің маневрлері туралы ақпарат беретін ескі сенсорлары жиі істен шығып отырды.