ЕГІС КӨЛЕМІ НЕГЕ АЗАЙДЫ?
Сегізінші маусым күні облыс әкімі Ғали Есқалиевтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Кеңесте елді мекендерді газдандыру, жаңа суару алаңдарын қосу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және егіс науқаны төңірегіндегі мәселелер егжей-тегжейлі талқыланды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, Орал қаласы және аудан әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.
Елді көркейтудің негізгі кілті – егіс алқаптарын ұлғайту
БҚО әкімі Ғали Есқалиев іссапармен Теректі ауданына барып, ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық хәл-ахуалын арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. «Масқар» ауыл шаруашылығы өндірістік коопераві мен Ақжайық ауылындағы «Айша» бөбекжайын аралап, мәдениет үйінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған семинар-кеңес өткізді.