Намыс қайда,жігіттер, намыс қайда?!

«…Тәуелсіздікті дәріптеп жатырмыз. Жылда дәріптейміз. Телеарна,радио,газет-журнал,сайт атаулы бірі қалмай сапта тұрады,қарайсың да,өзгерген ештеңе жоқ екенін көріп, «е, дүние орнында екен ғой» деп тәубе жасайсың… «Бабаларымның қанымен келген,аруларымның арымен келген…» деп ақындар күшенеді; «Қазақ болып тумағанда, не етер ем!» деп әншілер бөседі… Осы бір жаттанды,жадағай идеология Тәуелсіздік алған тұста дүниені алғаш түйсінген бір буынды есейтті. Немқұрайды,ештеңеге сенбейтін,тіршілік қамытын мойнына іліп алып,көптің ішінде сөлбірейіп жүретін де қоятын құр сүлдер буынға қазір бәрібір.Бұл буын бесікте жатқанда қылшылдап тұрған,өзінше еркіндік келді деп қуанған,жаңа билік күш алып кеткенше қолтығынан демеген, кейін аздап қарсылық көрсеткен,болмағасын «келісуге» мәжбүр болған алдыңғы толқын да сүлесоқ. Кейінгі университет пен мектеп қабырғасындағы оқушылар да біздің ізімізді басып келеді,өзгерген ештеңе жоқ…»

ТУМАҒА ЖОЛ ТҮСКЕНДЕ …

Жақында жер аяғы қияндағы Тумаға сапар шектік. Қашық демесеңіз,иттің басына іркіт төгілген ырыздығы мол өңір болғанын бүгінгі ұрпақ біле бермеуі мүмкін. О жақта да Тәуелсіздіктің отыз жылдығынолжалы қарсы алып, қойны-қонышы қуанышқа толы жұрт бар.Жылқы көбейсе,жұт бола ма?Бір кездері осы өңірді өрге сүйреген Сағидолла Құбашевтай қоғам қайраткерлері атпен жеткен қиырға бүгіндері көлікпен әрең жететіндейміз. Даму жылдамдығына шүбә келтірмегенмен кейде еріншектігіміздің де етектен тартатыны жасырын емес-ау осы.

Бағымызды ашқан – Тәуелсіздік

Қорқыт бабадан жеткен: «Өткен күн, кеше – тарих, Келер күн, ертең – сыр, Бүгінгі күн – сый» деген сөз бар. Біз жаңа дәуірге қадам басып келе жатқан жас елміз. Бірақ өткенді ұмытпаймыз. Өйткені бабаларымыздың еліміздің игілігі үшін атқарған еңбектері ұрпаққа өнеге болып, жастарды отаншылдыққа тәрбиелеуге тамаша үлгі болып қала береді. Олай болса, кешегіні ұмытпай, үнемі еске алып отырсақ бүгінгіні бағалап, алдағыны ардақ тұтарымыз анық. Алдыңғы толқын аға буынның өмірінен құлағдар болып жүрсе деген мақсатпен мен де өз ойыммен бөліскенді жөн санап отырмын.

Еркіндіктің мәні не?

Қазақстан республикасы – тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіздік дегеніміз еркіндік қой. Осы мақаламда еркіндік дегеннің мәнін ұқпастарға арнап философиялық талдау жасап бермекпін. Ең алдымен жастардың оқыған жөн болар деп ойлаймын.