Қазақстан кезең-кезеңімен Цифрлық Эфирлік Телехабартаратуға ауысып жатыр

Соңғы жылдары технологиялар шапшан дамып жатқаны байқалып жатыр, әсірісе ақпарат жеткізудін жаңа әдістерді еңгізуі айқын. Осы жақында ғана бейнелеудін қара ақ түсті болғаның, кино мен хабарламаларды кішкента» ғана теледидардан көріп жүргенімізді елестету қиын ақ, бірақ содан кейін түрлі-түсті теледидардын дәуірі басталды, бейненін түрлі түсті болып шыққаны, әр динамиктен дыбыс шыққаны алға басқан маңызды қадам…

АТА ЗАҢ АДАМДАРҒА АРНАЛҒАН

Сонымен, еліміздің Конституциясына толықтырулар енгізілді. Жер мен оның қойнауын пайдалануға, жергілікті өзін-өзі басқаруға, т.б. мәселелерге байланысты өзгерістерді саралауды кейінгі қалдырып, бұл жолы сайлауға қатысты ойымызды ортаға салайықшы.Сонымен, еліміздің Конституциясына толықтырулар енгізілді. Жер мен оның қойнауын пайдалануға, жергілікті өзін-өзі басқаруға, т.б. мәселелерге байланысты өзгерістерді саралауды кейінгі қалдырып, бұл жолы сайлауға қатысты ойымызды ортаға салайықшы.

АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫ АЗАМАТЫ

Бар саналы ғұмырын қазақ ұлтына арнаған, елі мен жерінің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін жанын қиған, ақын, ағартушы ірі ғалым, түркітанушы, ұлттық жазудың жанашыры, Алаш қозғалысының қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толып отыр.

Баяғы жартас – бір жартас

1993 жылдан 1997 жылдың мамыр айына дейін Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының сол кездегі Жезқазған облыстық ұйымында қызмет еткен болатынмын. Сол бір тұс қазақ тіліне қатысты мәселелердің төңірегінде құдды арыстан баққан ауылдай алыс-жұлысы, айтыс-тартысы, арбасуы мен айқасуы жетіп артылатын шақ еді. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне толық ие болуына, оның қолданыс аясының кеңеюіне не түрлі қарсылықтар білдіріліп, іштен шалып жататын жағдайлар аз еместін. Жиналыстардың қазақша басталып орысша жалғасуы, жергілікті жерге жоғары жақтан келетін құжаттардың тек орыс тілінде болуы, ресми атаулардың мемлекеттік тілде жазылмауы мәселені күрделендіре түссе, баспасөз беттерінде «Тіл үшін күрес», «Тіл майданында», «Алғы шепте», «Тілді қорғайық», «Қоғамның қажеті бар ма?» секілді мақалалардың легі толастамай жарық көріп, былайша айтқанда, нағыз халықтық майданға ұласып жатты.