Cексен жылдан астам тарихы бар Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Қазақстандағы жоғары оқу орындарының арасында іскер, білікті мамандар мен кәсіби шеберлігі келіскен ұстаздар даярлайтын білім ордасына айналды. Осындай іргелі оқу орнының Атырау облысындағы ауыл мектептеріне қамқорлықты күшейту туралы Үндеу жариялауы заңды құбылыс болып табылды. Аталмыш үндеу, Асхат Сәлімұлы Иманғалиев ректор болып тұрған кезде (2000-2008 жылдары) жарияланған болатын. Себебі, осы жылдары университетте оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәлім-тәрбие жұмыстарын қайта құруда, оқу-материалдық базасын жетілдіруде заман ағымына сай шаралар іске асырылды. Сол кезеңдегі игілікті істерді атап көрсетер болсақ: біріншіден, профессор-оқытушылардың өз білімін көтеруі, кәсіби шеберлігін шыңдай түсуі ұдайы назарда ұсталынды; екіншіден, университеттің материалдық-техникалық базасының үнемі жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілуі табиғи үрдіске айналды; үшіншіден, қазіргі уақыт талабына сәйкес жаңа мамандықтардың ашылуы дәстүрлі түрде іске асырылды. Тек, 2000 жылдардың басында Атырау облысының жастарына аса қажет журналистика, экология және табиғатты пайдалану, аудармашылық іс мамандықтары ашылса, ал, 2005 жылдан бастап ихтиология, балық аулау өндірісі және балық шаруашылығы, информатика, қолданбалы математика, дәстүрлі музыкалық өнері ішінде халық аспаптары мамандықтары бойынша студенттер қабылданып, білім алды; төртіншіден, университетте жаңа буындағы мемлекеттік стандартты басшылыққа алып, оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын қолдану кеңінен орындалды; бесіншіден, университетіміз 2002 жылы мемлекеттік аттестациядан, одан кейін мемлекеттік аккредитациядан жоғары талапқа сай өтіп, еліміздегі 18 мемлекеттік университет қатарынан орын алуы нәтижесінде әлемдік білім беру жүйесінің тәжірибелерін пайдалана отырып, әрбір студенттің іргелі кәсіби дайындығына және шығармашылық мүмкіндігіне ерекше назар аударды.
Сонымен қатар, ректор А.С.Иманғалиевтің тікелей ықпалымен университет Атырау облысында еңбек ететін Теңізшевройл, ОКИОК және тағы басқа шетелдік компаниялармен тығыз қарым-қатынас орнатты. Әсіресе, 2003-2004 оқу жылында Теңізшевройл кәсіпорны біздің университетімізге спутниктік байланыс арқылы интернет-кафе ашып берді. Бұл интернет-кафе тек университет студенттері ғана емес, болашақта ауыл жастарының да әлемдік ақпаратпен толықтай сусындап, жаһандану процесіне белсенді араласуына мүмкіндік берді.
Ал енді ауыл мектебі мен университет арасындағы байланысты сөз еткенде, оның да өзіндік сүрлеуі қалыптасқандығын байқаймыз. Атырау университетінде жиырма бес жылдан бері «Университеттік білім беру жүйесін реформалау жағдайында болашақ мұғалімді ауыл мектебіне даярлауды жетілдіру» бағдарламасы (ғылыми жетекші, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б.Сейталиев) бойынша жалпы университеттік проблеманы зерттеуге ғалым-ұстаздар белсенді қатынасты. Атап айтар болсақ, осы бағдарлама негізінде 1978, 1989 және 1998 жылдары (соңғысы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетімен бірлесіп) ауыл мектебінің келелі мәселелерін талқылаған республикалық ғылыми- практикалық конференциялар Атырау университетінің базасында өткізілді. 2002 жылдың наурыз айында Атырау мемлекеттік университеті мен облыстық білім беру департаменті ұйымдастырған «Ауыл мектептерінің білім сапасын көтеру жолдары» атты тақырыптағы облыстық ғылыми-әдістемелік конференцияда нақты баяндамаларды талқылаумен қатар, ауыл мұғалімдері мен университет оқытушы-профессорлары білім беру жүйесіндегі көкейтесті мәселелері бойынша ашық пікірсайысқа қатысты. Осы ауқымды шараларға да А.С.Иманғалиев әріптес-ғалым әрі ректор ретінде жан-жақты қолдау білдірді.
Университеттегі жалпы және халықтық педагогика кафедрасының жанында «Университет және ауыл мектебі» жоғары педагогикалық білім беру проблемаларының лабораториясы қызмет істеді. Осы лаборатория көлемінде «Университет-колледж-гимназия» оқу, ғылыми-педагогикалық кешені жұмыс жасады. Университетімізде екі жылда бір рет өткізілетін «Досмұхамедов оқулары» республикалық ғылыми-практикалық конференцияда ауыл мектебі мен мұғалімінің мәртебесі назардан тыс қалмады. Ел тарихын, жер тарихын кеңінен танып, Х.Досмұхамедов мұраларын өскелең ұрпақтың санасына тереңірек сіңіру мақсатында университеттен «Х.Досмұхамедов лабораториясы» ашылды. Осы кезеңде ғылыми-зерттеу жұмысымен ауыл мектебінің мұғалімдері де белсенді айналысты. Педагогика ғылымынан тақырып алуға, кандидаттық емтихан тапсыруға, ғылыми семинарларды сапалы өткізуге, диссертациялық зерттеуді жүйелі жүргізуге университеттегі педагогика ғылымдарының докторлары, профессорлар А.С.Иманғалиев, Қ.Б.Сейталиев ғылыми бағыт-бағдар беріп отырды.
Университет ректоры Асхат Сәлімұлы Иманғалиевтің кезінде Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің алдына Алаштың ардақты қайраткері Халел Досмұхамедовтің еңселі ескерткіші орнатылды. Ескерткішті тұрғызуға Атырау облыстық маслихаты 6 миллион теңге қаражат бөлуге шешім шығарды. Облыстық әкімшілік алдын ала конкурс жариялап, оған Алматы, Атырау, Маңғыстау облыстарының мүсіншілері қатынасты. Алматылық мүсінші Дәулет Бектеміровтің жобасы үздік деп танылды. Ескерткішті тұрғызған «АБИС-Атырау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады. Хакім Халелдің ескерткіші салтанатты жағдайда 2003 жылдың 25-желтоқсанында ашылған болатын.
Әрине, осындай игілікті шаралар және ауыл мектебі мен университет арасындағы ізгілікті істердің орындалуы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ректоратының толыққанды жұмысының нәтижесі болып табылды. Алдағы уақытта да университет тарапынан ауыл мектебіне деген қамқорлықтың жарасымды жалғасын таба беретіндігі сөзсіз.

Айдар Рамазанұлы Сабыров