Аумақтық қазынашылық қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін түсіндіру бойынша техникалық оқулар тұрақты негізде жүргізіліп отырады.

Қазынашылық комитеті интернет ресурстарында Қазынашылық комитеті орталық аппаратының және Қазынашылық департаменттерінің бірінші басшылары мен олардың орынбасарларының кірістері мен мүлкі туралы декларациялардан мәліметтер жарияланған. Қазынашылық органдары қызметкерлеріне жағымсыз материалдардың жариялануын, оның ішінде сыбайлас жемқорлық фактілері туралы жарияланымдарды анықтау үшін БАҚ мониторингі тұрақты негізде жүргізіледі. Қаржы құжаттарын қабылдау, орындау барысында негізсіз қайтаруларды анықтау және алдағы уақытта жол бермеу бойынша шаралар қабылданған. 

Жыл сайын кірістер мен шығыстарды салыстыру жүзеге асырылып келеді. Кірістері мен мүлкі туралы декларация Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жасалады және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған нысан бойынша, тәртіппен және белгіленген мерзімдерде ұсынылады. 270.00 нысаны бойынша декларация электронды түрде 15 қыркүйекке дейін тапсырылуы тиіс.

Жемқорлықпен күрес жүргізуді әрбір азамат өзінің азаматтық борышы екенін түсініп, сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастырғанда ғана жемқорлықсыз қоғам орнайды.

Гүлмира ДЖАНАЕВА,

Жаңаөзен қалалық қазынашылық

басқармасының басшысы