ЖЫЛЫОЙҒА ҰШАҚ ҰША МА?

Дәл қашан екенін ұмыттым, бірақ бұдан біраз бұрын облыстық теледидар жүгіртпе жол арқылы Атырау-Құлсары әуе жолы ашылатынын хабарлап жатты. Таң қалдым. Ау, ауданда ұшақ қонатын орын да жоқ қой. Ескі әуежайдың орнына тұрғындар әлдеқашан үй салып тастаған. Әлде жаңасын тұрғызды ма? Оны қалай білмей қалғанбыз?

Жер атауы жеңгейдің сырғасы емес…

Келген сайын жадырай қарсы алып, керегіңді тауып беретін, мың жасағыр, аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің бұл жолы ұсынғаны-облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ономастика бөлімі арқылы шыққан «Атаулар сыры-тұнған тарих» атты кітабы болды.Келген сайын жадырай қарсы алып, керегіңді тауып беретін, мың жасағыр, аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің бұл жолы ұсынғаны-облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ономастика бөлімі арқылы шыққан «Атаулар сыры-тұнған тарих» атты кітабы болды.

БАЛАҒАТ СӨЗ БАЛАҢЫЗДЫҢ ӨМІРІН БҮЛДІРЕДІ

Бірде он екі ата Байұлы ішіндегі руы Есентемір Бөкен би атамызға Сырым батыр бата алуға барыпты дейді. Батасының соңында Сырымның сөздеріне риза болған атамыз оған қарап тұрып шекесін шертіпті. Сонда Сырым атамызға аузын ашып, «тілін» көрсетіпті. Сөйтсе, оның мәні «Басқа пәле – тілден» деген сөз екен. Сол айтқандай, Алла тағала адам баласына берген нығметінің бірі – тіл. Тіл арқылы адамдар ойын, пікірін, қуанышын, мұңын, сүйінішін білдіреді. Кейде әдепсіздеу айтылған сөздер біреудің ар-намысына тиіп кетуі мүмкін.

Рамазандағы қайырымдылық

Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің материалдық-техникалық базасы толықтай бюджет қаржысы есебінен қамтамасыз етілген.

САЙЛАУДАН СОҢҒЫ САЙЫС

Сонымен, Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттары да белгілі болды. Биылғы бірінші жартыжылдық сайлаумен өтті. Мемлекет басшысы айтқанындай, енді ерекше екпінмен іске кірісетін кез келді. Алайда, осы жолғы дода ашық делінгенімен, соңы дауға да ұласуда. Заңға қайшы әрекеттер орын алғандығын әлеуметтік желілер де жарыса жазып жатыр, кейбірін ресми органдар да мойындап отыр. Демек, әділдік әлі орныға қоймағаны-ау.