ҮЗДІК ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құйып, тәрбие мен білімнің алтын діңгегі, әулие мамандық иесі болып қана қоймай, қоғамның айнасына айналған ұстаздар өңірімізде көптеп саналады. Жақында Томарлы ауылының мәдениет үйіне қала мектептерінен жиналған үлгілі педагогтарға «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Атырау қалалық комитеті ұйымдастырған салтанатты шарада үлкен құрмет көрсетілді.

ӨНЕРЛІ ПЕДАГОГТЕР ЖАРАДЫ!

Қадыр орталығында білім және ғылым қызметкерлері арасында облыстық «Қадыр оқулары» байқауы өтті. Қадыр ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында бұл байқау ұстаздар арасында алғаш рет өткізіліп отыр. Жарыста жалпы саны 35 қатысушы бақ сынады.