Қадыр орталығында білім және ғылым қызметкерлері арасында облыстық «Қадыр оқулары» байқауы өтті. Қадыр ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында бұл байқау ұстаздар арасында алғаш рет өткізіліп отыр. Жарыста жалпы саны 35 қатысушы бақ сынады.

             Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Донеділ Қажымов пен Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Марат Даупаев сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

            Альберт Ғазизжанов пен «Інжу» тобы Қадыр ақынның сөзіне жазылған «Тамаша» әнін орындады. №42 «Ақниет» гимназиясының оқушылары ақын өлеңдерін жатқа оқыды.

            Қатысушылар «Сөзім барда өзім бар», «Болуы үшін жаралғам туған жердің жырауы», «Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» аталымдары бойынша бақ сынасты.

             Сайыс қорытындысы бойынша Ақсай қаласындағы №6 мектеп-лицейдің қосымша білім беру педагогі Айнұр Игібаева, Қаратөбе мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі Жасұлан Рамазанов және Ақсай қаласындағы №3 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мейрамбек Сыдықов үздік деп танылды.

              Жеңімпаздарға «Сарыағаш» шипажайына жолдама берілді. Бұл байқауды дәстүрлі түрде және республикалық деңгейде өткізу жоспарлануда.

Марлен ҒИЛЫМХАН

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *