Исатай Тайманұлының зиратын тапқан тұңғыш атыраулық

Биыл Исатай Тайманұлының 230 жылдығы кеңінен аталып өтуде. Әсіресе Исатай батырдың 230 жылдығына орай Атырау, Ақтөбе облыстарында соның ішінде Исатай, Қобда аудандарында Атырау қаласында ғылыми-әдістемелік конференциялар, ақындар айтыстары өткізіліп, батырға арнап «Көсем», «Асқақ рух» атты кітаптар шығарылды.Шейітсайдағы Исатай Тайманұлы кесенесі кешенге айналдырылды. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлыбек Ожаевтың ұйымдастыруымен Исатай батыр кесенесінің айналасына көтерілісте ерекше белсенділік көрсеткен 8 батырға стелла тұрғызылып, кесененің айналасына ағаштар отырғызылды.

ТУМАҒА ЖОЛ ТҮСКЕНДЕ …

Жақында жер аяғы қияндағы Тумаға сапар шектік. Қашық демесеңіз,иттің басына іркіт төгілген ырыздығы мол өңір болғанын бүгінгі ұрпақ біле бермеуі мүмкін. О жақта да Тәуелсіздіктің отыз жылдығынолжалы қарсы алып, қойны-қонышы қуанышқа толы жұрт бар.Жылқы көбейсе,жұт бола ма?Бір кездері осы өңірді өрге сүйреген Сағидолла Құбашевтай қоғам қайраткерлері атпен жеткен қиырға бүгіндері көлікпен әрең жететіндейміз. Даму жылдамдығына шүбә келтірмегенмен кейде еріншектігіміздің де етектен тартатыны жасырын емес-ау осы.

ХАМИДОЛЛА НӘУБЕТОВТІҢ ҒҰМАР ҚАРАШҚА ЖАЗҒАН ХАТЫ ХАҚЫНДА

«Қазақ» газетінің (Бас шығарушы Ахмет Байтұрсынов) 1914 жылғы 14 ақпан күнгі №50 санында Ғұмар Қараштың «Шарғы мәселе» атты мақаласы жарық көрген. Мақала басында Ғ.Қараш Астархан маңайындағы бір бауырым Хамидолла Нәубетов деген ушителден хат алдым деп оқырмандар назарына береді. Хаттағы сұраған фәтуасы жұртқа ортақ нәрсе турасында болғаны үшін, оның хатын да һәм жауабымды да құрметті «Қазақ» арқылы жариялатуды лайық көрдім, қатесін тапқан жандардан жолы-жөніменен, шанышпай, шаптамай түсіндірулерін тілеймін деген пікірін білдіреді. Бұл мақаланы «Заң мәселесі (Шариғи мәселе)» атауымен Уфа қаласынан жарыққа шығып тұрған «Шора» журналының 1914 жылғы №50 санына да жариялайды.

Сөз өнерінің салиқалы өкілі

Шығармашылық адамының үлкен-үлкен табыстарға жетуінің бірден бір шарты оның бейімі мен пейілінің, яғни туа бітті қабілеті мен сол қабілетке деген ынта-ықыласының сәтті тоғысуы болса керек. Шығармашыл тұлғаның болмысына тиесілі табиғи таланты мен сол талантты үнемі үрлеп отыратын байырғы еңбекқорлық дәрежесі ойдағыдай орайласпаған жағдайда оның биік-биік белестерді бағындырып, ақбас асулардан қылаң беруі де екіталай. Біздің сөз еткелі отырған кейіпкеріміз сондай бел-белестердің талайын бағындырып, 85 жас деп аталатын ақ бас асуға табан тіреп отырған, Атырау өңіріне, қала берді бүкіл республикаға есімі мәшһүр, Қазақстан Жазушылар одағының және Журналистер одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Әбіш Кекілбайұлы атындағы ғылыми зерттеу орталығының директоры Қадыр Өтегенұлы Жүсіп ағамыз.