АТА ЗАҢ АДАМДАРҒА АРНАЛҒАН
Сонымен, еліміздің Конституциясына толықтырулар енгізілді. Жер мен оның қойнауын пайдалануға, жергілікті өзін-өзі басқаруға, т.б. мәселелерге байланысты өзгерістерді саралауды кейінгі қалдырып, бұл жолы сайлауға қатысты ойымызды ортаға салайықшы.Сонымен, еліміздің Конституциясына толықтырулар енгізілді. Жер мен оның қойнауын пайдалануға, жергілікті өзін-өзі басқаруға, т.б. мәселелерге байланысты өзгерістерді саралауды кейінгі қалдырып, бұл жолы сайлауға қатысты ойымызды ортаға салайықшы.
Баяғы жартас – бір жартас
1993 жылдан 1997 жылдың мамыр айына дейін Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының сол кездегі Жезқазған облыстық ұйымында қызмет еткен болатынмын. Сол бір тұс қазақ тіліне қатысты мәселелердің төңірегінде құдды арыстан баққан ауылдай алыс-жұлысы, айтыс-тартысы, арбасуы мен айқасуы жетіп артылатын шақ еді. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне толық ие болуына, оның қолданыс аясының кеңеюіне не түрлі қарсылықтар білдіріліп, іштен шалып жататын жағдайлар аз еместін. Жиналыстардың қазақша басталып орысша жалғасуы, жергілікті жерге жоғары жақтан келетін құжаттардың тек орыс тілінде болуы, ресми атаулардың мемлекеттік тілде жазылмауы мәселені күрделендіре түссе, баспасөз беттерінде «Тіл үшін күрес», «Тіл майданында», «Алғы шепте», «Тілді қорғайық», «Қоғамның қажеті бар ма?» секілді мақалалардың легі толастамай жарық көріп, былайша айтқанда, нағыз халықтық майданға ұласып жатты.
САНДАШЕВ Т.: «Адамды жоқшылық есейтеді ғой…»
Адамзаттың дамуы мен өркендеуі, жаңа белестерге қадам басуы еңбектің арқасы дейтін болсақ, халқымыз ежелден қолынан іс келетін, үнемі еңбектенетін азаматтардың қадірін біліп, ерекше бағалаған. Оған қоса ел экономикасының тұрақты түрде алға жылжып, тәуелсіз аспанымыздың астында ұлт болып ұйысып берекелі өмір сүруімізге де адал тер төгіп еңбектеніп жүрген жандар үлесін қосуда. Сол себепті, ел президенті Қ. Тоқаев : «Біз Қазақстанның дамуы жолында күш-жігерін жұмсап, жетістікке жеткен барша еңбек адамдарына лайықты құрмет көрсетеміз. Әсіресе, ардагерлерімізге айырықша алғыс айтамыз. Еңбек — бәрін жеңбек. Әрбір еңбек бағалы! Біз еңбекқор ұлт болуымыз керек» деген болатын өз жазбасында.