Адамзаттың дамуы мен өркендеуі, жаңа белестерге қадам басуы еңбектің арқасы дейтін болсақ, халқымыз ежелден қолынан іс келетін, үнемі еңбектенетін азаматтардың қадірін біліп, ерекше бағалаған. Оған қоса ел экономикасының тұрақты түрде алға жылжып, тәуелсіз аспанымыздың астында ұлт болып ұйысып берекелі өмір сүруімізге де адал тер төгіп еңбектеніп жүрген жандар үлесін қосуда. Сол себепті, ел президенті Қ. Тоқаев : «Біз Қазақстанның дамуы жолында күш-жігерін жұмсап, жетістікке жеткен барша еңбек адамдарына лайықты құрмет көрсетеміз. Әсіресе, ардагерлерімізге айырықша алғыс айтамыз. Еңбек — бәрін жеңбек. Әрбір еңбек бағалы! Біз еңбекқор ұлт болуымыз керек» деген болатын өз жазбасында.
Облысымыздың, яғни кешегі Гурьевтің бүгінгі Атырау болып қалыптасып, гүлденуі жолында да біраз еңбек адамдары жұмыс жасағаны белгілі. Осы ретте, еңбек ардагерлерінің есімі ұлықталып, өткен мен келешекті жалғап, оқырмандарға жүріп өткен жолын таныстыру газетіміздің алдында тұрған айқын міндеттердің бірі. Бүгінгі санда да өмір жолын халыққа, туған өлкеге қызмет етуге арнаған Қайыршақты селосы мен Балықшы ауданының депутаты, Атырау қалалық маслихат-депутаттар жиналысының депутаты болған Сандашев Теміржанды таныстырып, ардагер азаматпен сұхбат құруды жөн деп таптық.
- Аға, біз сізді ел іргесіне ауыртпалық түсіп, қиын шақта дүние есігін ашқаныңызды білеміз. Ол уақытта халықтың жартысы қолына қару алып соғысқа аттанса, қалған бөлігі шаруашылық басында талмай еңбек етіп жатты. Қазіргідей алаңсыз оқып, білім алуға да жағдай жасалмағаны белгілі. Сұхбатымызды сол сәттерден бастасақ….
- Иа, мен Екінші Дүниежүзілік соғыс басталып, әкелеріміз ел күзетіп, аналарымыз үй күзетіп қалған кезде «Тұңғыш Бірлік» колхозы «Қызыл жұлдыз» ауыл советінде (18-ауыл) дүниеге келген балалардың бірімін. Сол тұста әлі ес білмейтін сәби болғандықтан көп нәрсе ойымда қалмапты. Дегенмен соғыстың салған жарасы мен салдары ес жия бастаған тұста да ауылымзға, елімізге өз әсерін тигізіп жатты.
Әкем Құрманбайұлы Сандаш тыл еңбеккері, 1943 жылы дүниеден өтіп, анам Әлжекқызы Әреш Теңдік көкөніс-сүт совхозында сауыншы болып, бізді жетілдірді.
Көп шаңырақтың жас жеткіншектері ерте есейіп, кей шаңырақ қара жамылып қалған күрсіністі сәттердің бейнесі әлі көз алдымда…
Бәлкім, біздің ерте ер жетіп, еңбекке араласып, бой түзеуімізге осындай жағдайлар әсер еткен шығар. Адамды жоқшылық есейтеді ғой…
- Балалықтың бал шақтары күреске толы болса да, білім алып, шыңдалдыныз. Оқып, мамандық алу үшін сіздерге қандай мүмкіндіктер жасалды?
- 7 жасымда ауылдағы жеті жылдық мектептің бірінші сыныбына барып, кейін Талқайраң жеті жылдық мектебіне ауысып, 1955 жылы жетінші сыныпты бітірдім. Ауылымыз қазіргі Махамбет ауданына қарағандықтан 8-9 сыныпты сол жердегі интернатта жатып оқыдым. 10 сыныпты 1959 жылы Балықшы ауданына қарасты Еркінқала орта мектебінен бітірдім. Ол кезде қазіргідей 11 жылдық оқудан соң бірден жоғары оқу орнына түсу мүмкін емес еді. Мектеп бітіргеннен кейін кемінде екі жыл еңбекке араласу керек болды. Орта білімді алып, 1959 жылдың күзгі маусымында «Бірлік таң» колхозына Каспий теңізінен балық аулауға жұмысқа тұрып, айналама қолқабыс еттім. 1960 жылдың бас кезінде Атыраудағы жүргізуші дайындайтын курста оқып, жүргізушілік куәлігін алып , қаладағы автобазада жүргізуші болып жұмыс жасадым.
1960 жылдары Атырауда Одақтық үлкен маңызы бар Химия заводының құрылысы басталып, осы завод болашақ кадр даярлау үшін №13 кәсіби — техникалық училище ашқан болатын. 1961 жылы осы училищеге оқуға түсіп, оны 1963 жылы бітірдім. Автоматика және бақылау — өлшеу приборларының жөндеушісі мамандығын алдым. Бұл тұста завод әлі іске қосылған жоқ. Сондықтан тәжірибе жинақтау үшін Саратов, Днепродзержинск, Грозный қалаларындағы заводтарға жұмыс жасауға жіберді. 1964 жылы заводты жіберуге қатысып, 1966 жылдың аяғына дейін жұмыс жасадым.
- Әрине, ер түздің адамы. Дегенмен, елден жырақ қызмет ету кері әсерін тигізбеді ме?
- Иә, отбасы жағдайына байланысты 1966 жылы заводтан жұмыстан шығып туған өлкеме оралдым. «Теңдік көкөніс, сүт» кеңшарына жүргізуші болып жұмысқа орналасып, 1970 жылы Гурьев политехникалық техникумын сырттай оқып бітіріп, техник- механик мамандығын алдым. 1971 жылдан бастап совхоз әкімшілігі су насостарын орнату, егістікті сумен қамтамасыз ету жұмысына тағайындап, 1973 жылдан машина-трактор жөндеу шеберханасының меңгерушісі болып жұмыс жасадым. Ал 1978 жылы аудандық партия комитетінің ұйғарымымен осы совхозда бас инженер болып қызмет атқардым. Ол тұста шынайы еңбек еткен адамдарды бағалап, қадірін ұғатын еді…Совхозда негізінен 4 цех жұмыс жасаған (механизация, мал шаруашылығы,егін шаруашылығы және құрылыс цехы).Осы цехтардың жұмысының жүруі механизация цехының жұмысына байланысты болатын. Егін шаруашылығында егістікке ДДА-100 жаңбырлатқыш агрегаттарды пайдалану, көкөніс көшеттерін отырғызуға СКН-6 ауылшаруашылық машиналарын пайдалану жұмыс өнімділігін арттыруға септігін тигізді. Жалпы егін шаруашылығы жұмыстары 85% техника күшімен атқарылды. Егістікке Астрахань технологиясын енгізуде Қарағанды облысына іссапармен барып,оны совхозда егін шаруашылығына енгіздім.
- Совхозда мал шаруашылығы үлкен маңызға ие болыпты. Ол саланың аса беделді болуына өзіңіздің үлкен үлесіңіз бар.
- Иа, совхоздың екінші маңызды саласы – мал шаруашылығы. Бұл цехтың да жетістіктері көп болды. Әсіресе, «Аспа» учаскесінде орналасқан сүт комплексі. Малдың жейтін шөбі ИРТ-165 агрегатымен уатылып КОРК-15 жем-шөп цехына жеткізіліп, ол жерде силоспен және жемдік қызылшалармен араластырылып КТУ-10 тіркемесімен сиырлардың астауына құйылып отырды. Сиыр тұмсығымен клапанды басса болды су ағып, келіп тұрады. Навоздары да транспортермен далаға шығарылып, мал сауу үшін вакум құрылғысы пайдаланылды. Осы механизмдердің кідіріссіз жұмыс жасауы механиика цехының міндеті болды. Аспа учаскесі бүкіл облысқа белгілі. Одақтан, республикадан келген басшылар осы Аспаға соқпай кетпейтін еді. Мал азығы пішенді дайындауда механизаторлар күннің ыстығына қарамай, асқан жауапкершілікпен еңбек ететін. Бұл жұмыстарда да техникалардың тоқтаусыз жүруін қамтамассыз ету механизация цехының мойнында еді. 5000-6000 тонна пішен, 10000 тонна жүгеріден силос салатынбіз. Жүгері ору кезеңі күзде басталатын еді де, ауа райы жауын- шашынды болып, көп қиындық келтірген-ді. Бірақ қандай қиындық болмасын механизатор жігіттер өзіне берілген тапсырмаларды аса жауапкершілікпен атқарып шықты.
Кеңшардың үшінші маңызды цехы- құрылыс цехы. Бұл цехтың жұмыстары қолмен жасалып, үй салу және жұмысшылар мен малшылар үйлерін жөндеу жұмыстарының бәрі құрылыс цехының жауапкершілігінде болды.
1988-1989 – жылдары құрылыс материалдарының азаюына байланысты қиыншылықтар туып, 1988 жылы қыркүйек айында директор орынбасарының лауазымына ауыстырылдым.
Аудан,облыс шаруашылықтарының арасында «Теңдік» кеңшары алдыңғы қатарда болып,талай облыстық, аудандық социалистік жарыстардың жеңімпазы атанып, дипломдармен ауыспалы қызыл тулармен марапатталып жүрдік. Бұл марапаттар- совхоз экономикасын көтеріп, үкімет алдына қойған жоспарды орындап шығуда аянбай еңбек еткен әр жұмысшының еңбектерінің жемісі десем артық емес.
Совхоз шаруашылығын тиімді жүргізуде бригадир, механик, орта буын мамандығы бойынша еңбек еткен азаматтардың бір-бірімен түсінушілікпен, бірлесіп жұмыс атқаруының арқасында совхоз жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп отырды.
- Жемісті де жеңісті Теңдік совхозындағы Аспа учаскесінің жұмысы жөнінде газетіміздің алдынғы санында оқырмандарымызға азды – көпті ақпарат ұсынған болатынбыз. Жалпы совхозға ел ағалары мен шененуніктер жиі бас сұғып, жиындар өткізген деп естейтінбіз. Өзіңіз тарқата айтып берсеңіз…
- 1987 жылы облыс бойынша совхозда Аспа участогінде қыстыгүні семинар өтіп, семинарға облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы А.А. Құлыбаев және басқа да облыс басшылары қатысты. Облыс бойынша барлық жерден мамандар келіп,совхоз үшін үлкен сын болған симинарды өз дәрежесінде өткіздік. Совхоз партия комитетінің хатшысы Қ. Батыров мамандармен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізесе, К. Сүндетовтің де еңбегін айтпай кетуге болмайды.Семинар біткеннен кейін облыс басшысы қорытындылап, жасалып жатқан жұмыстарға ризашылығын білдірді. Бұл кезде бүкіл механизм тоқтаусыз жұмыс жасады.
- Совхоз шаруашылығында қиыншылықтар та кездескен болар. Ондай сәттен қалай шығып жүрдіңіздер?
- Әрине, жұмыс бабы болғандықтан кедергілер кездесіп отырды. 1993-1994-жылдардағы су тасып, бүкіл егістік, жайылым, шабындық жерлерді су басып, елді мекендерді күні-түні тынымсыз еңбек ету арқасында аман алып қалдық.
1994 жылы шабындық жер суда қалып, шабындықсыз қалғандықтан, облыс ауылшаруашылығының басшысы Қ. Ырзағалиев келіп, Қызылқоға ауданы Мұқыр совхозынан шабындық жер алып берді. Совхоз механизаторларының еңбегі үкімет тарапынан ескеріліп, трактористер Жексенғалиев Мұхтар, Гапутин Викторды «Құрмет белгісі» орденімен, бригадир Молдашев Мұрат «Еңбек Қызыл ту » орденімен марапатталды.
- Өмір жолыңызға көз салсақ, еңбек ете жүріп қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, елдің мұң-мұқтажын тыңдап, ауыл азаматтарының хал – жағдайын үлкен жиындар мен трибуналардан айтып, қолыңыздан келетін көмегінізді беріпсіз. Ол уақытта «екі кеменің басын қатар алып жүру» қиындық туғызбады ма?
- Иа, елдің батасы мен алғысын арқалап, туған жерге кішкентай да болса пайданды тигізу әрбір жанның мойнындағы борышы ғой.
Отбасым бізді «адал бол, елдің адамы бол» деп өсіргендіктен болар, әуелі халықтың баласы болуға тырыстық. Сол үшін, қоғамдық қызметтерден қашпай 1969 жылы партия қатарына қабылданып, бірнеше рет Балықшы ,Махамбет аудандық партия конференцияларына қатыстым. Цехтық партия ұйымының хатшысы, саяси хабарламашы, совхоз партия комитетінің бюро мүшесі болып қоғамдық жұмыстар атқардым.
Халықпен бірге жүріп, олардың мұң- мұқтажын тыңдап, көмек беріп отыру-әкімшілік тарапынан, партия комитетінің назарынан түскен емес. Бұл салада Бергалиев К.,Батыров Қ.,Кулмагамбетов Ж.,Ислямов Т.,Зиналин Ж.,Сахауов А., Крымбаев З., Жиреншина О.,Калимукашев Д., Губайдуллин Ж.,Утегенов Ж., Балтлеуов А., Сембаев Ж., Ергалиев М., Молдашев М., Каспакбаев А.-ның еңбектерін атап өткен жөн.
1968 жылы Гурьев облыстық комсомол комитетінің жолдамасымен «Спутник» халықаралық жастар туризмі құрамында Венгрия мемлекетіне, 1970 жылы Мәскеудегі «Бүкіл Одақтық халық шаруашылығы жетістіктері» ( ВДНХ) көрмесіне барып, олардың салты мен өмірін көзбен көріп, үлкен білім алып қайттым. Жинаған тәжірибем халықпен жұмыс жасауда, туған өлкеме үлесімді қосу жолында өз нәтижесін берді.
1980 жылы совхоз шаруашылығына жаңа технология көптеп енгізіп жоғарғы көрсеткіш көрсеткен ерен еңбегім де бағаланып, аудан бойынша озат инженер деп танып, «Құрмет» кітабына енгізді.
Дегенмен, 1997 жылы шілде айында совхозды жекешелендіріп көп жұмыс тоқтап қалып жатты. Еңбек жолындағы азды – көпті түсініп, білгенімді пайдаға асырып «Ақ жол » шаруа қожалығын ашып , отбасыммен егін шаруашылығымен айналысуға кірістім.Елімізде сол тұстары жұмыс жоқ тоқырау кезеңі болғандықтан, қала халқын өндірген өнімдермен қамтамасыз етуге тырыстым.
2002-2006 жылдары Бауыржан Момышұлы атындығы №25 орта мектепте машинатану пәнінен дәріс беріп, 2004 жылы зейнеткерлікке шықтым.
Ол тұста да қоғамнан ажырамауға тырысып, осы елдің азаматы ретінде Талқайраң аулының тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін ауыл , қала, облыс әкімшілігіне ауылды ауыз сумен, көгілдір отынмен қамтамасыз етіп, электр желілерін жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ауыл ішіне жол мен жаңа мектеп салу туралы ұсыныстарымды жеткізіп, бірнеше шенеуніктің есігін қақтым. Қазіргі таңда айтқаным жерде қалмай ауыл тұрмысы жақсарды.
Зейнет жасына шықсам да туған өлкенің дамуына жасаған еңбегімді мойындап жатқан жандар аз емес. 2021 жылы Атырау қаласы әкімшілігі ауылшаруашылық, тамақ өңдеу қызметкерлері күнінде Алғыс хатын арнаса, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында «Атырау қаласының ардагері» төс белгісімен марапаттап жатты. Әрине мен жұмысымды мақтан қуып, яки марапат үшін жасамадым. Әйткенмен, осы жасқа келгенде өзіннен кейінгі буын жасаған еңбегінді бағалап, құрметтеп жатқанға не жетсін?!
- Аға, игілікті істеріңіз жастарды қанаттандырып, олардың тынымсыз еңбек етуі жолында күш – қуат болары сөзсіз. Өнегелі өміріңізбен бөлісіп, кейінгі ұрпаққа үлгі болар сұхбат құрғаныңызға рақмет!
Сұхбаттасқан Н