ҚАТЫНУШКА, ЖАҢА ЖЫЛЫҢМЕН!

Жаңа жыл қарсаңында «қуып» кетейін бе? Эльдар Рязановтың «Тағдыр тәлкегі немесе жеңіл буыңызбен!» атты керемет фильмінің кейіпкері Женя сияқты болғым келіп кетті. Моншада достарымен сыра ішіп , мас болып, досы Павликтің орнына ұшаққа отырып, Ленинградтан бірақ шығатын ше? Сондағы Надяның үйін өз үйім деп таласып, ақырында Женя+Надя болып қалғанын көріп едік қой?

2021 жыл қазақстандықтарды не күтеді?

2020 жыл Қазақстан және әлем халқы үшін саяси, мәдени, әлеуметтік, қоғамдық, экономикалық өзгерістермен, күтпеген жаңалықтарымен, елеулі оқиғаларымен есте қалғаны сөзсіз. «Ескі жылдың есіркеп, жаңа жылдың жарылқағанын» қалайтын қазақстандықтарды келер жылы қандай өзгерістер мен тосын сыйлар күтетіні қызықтырары сөзсіз.Дүниені дүр сілкінткен дүрбелеңнің, яғни короновирус індетінің қашанға дейін созылары белгісіз болса да, 2021 жылы кейбір айтулы оқиғалардың болары белгілі. Келер жылы елімізде орын алар маңызды жағдайлардың тізімін назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.

Қазаққа ешкім жер сыйлаған емес!

Ресей мемлекеттік думасының депутаттары Вячеслав Никонов пен Евгений Федоровтың «Ресейдің Қазақстанға жер сыйлағаны» туралы сандырақтары қазақстандықтарды, оның ішінде қазақтарды бейжай қалдырмады. Оған жауап ретінде қазақ жастары Петропавл мен Павлодардың атауын өзгерту туралы бастама көтеруде. Осы орайда, аталмыш мәселе бойынша белгілі қоғам қайраткері, сарапшы Дос Көшімнің пікірін білуді жөн көрдік.