Түрік әлемінің шоң шайыры, жақында ғана Президент қолынан Ұлытауда «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары мәртебелі атағын алған мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың оның поэзиясынан хабары бар оқырман жұртшылыққа жақсы таныс «Төрт ана» өлеңіндегі туған жер, туған тіл (ана тілі), салт-дәстүр және Туған тарих (ұлттық тарих) аталатын «қасиетті төрт ұғым»-Еліміздің ұлттық сана,ұлттық рух қалыптасуындағы мемлекеттік ұлттық идеологиямыздың төрт діңгегі, төрт тұғыртасы болуға әбден лайықты дүниелер деп санауға болады.
Намыс қайда,жігіттер, намыс қайда?!
«…Тәуелсіздікті дәріптеп жатырмыз. Жылда дәріптейміз. Телеарна,радио,газет-журнал,сайт атаулы бірі қалмай сапта тұрады,қарайсың да,өзгерген ештеңе жоқ екенін көріп, «е, дүние орнында екен ғой» деп тәубе жасайсың… «Бабаларымның қанымен келген,аруларымның арымен келген…» деп ақындар күшенеді; «Қазақ болып тумағанда, не етер ем!» деп әншілер бөседі… Осы бір жаттанды,жадағай идеология Тәуелсіздік алған тұста дүниені алғаш түйсінген бір буынды есейтті. Немқұрайды,ештеңеге сенбейтін,тіршілік қамытын мойнына іліп алып,көптің ішінде сөлбірейіп жүретін де қоятын құр сүлдер буынға қазір бәрібір.Бұл буын бесікте жатқанда қылшылдап тұрған,өзінше еркіндік келді деп қуанған,жаңа билік күш алып кеткенше қолтығынан демеген, кейін аздап қарсылық көрсеткен,болмағасын «келісуге» мәжбүр болған алдыңғы толқын да сүлесоқ. Кейінгі университет пен мектеп қабырғасындағы оқушылар да біздің ізімізді басып келеді,өзгерген ештеңе жоқ…»
ДӘРІГЕР ПАРЫЗЫ
Басың ауырып, балтырың сыздағанда, не оқыс жағдайға тап болып, жаның мұрныңның ұшына келген сәтте бәріміздің де Құдайдан кейін дәрігерге сыйынатынымыз рас-ау. Аурухана есігін ашып, дәрігер қабылдауына келісімен кім-кімнің де жанарынан үміт оты тұтанады. Бұл – ет пен сүйектен жаралған жанның қай-қайсысының басынан өтіп жататын құбылыс. Қалай болғанда да жаныңның аман қалуына сол ақ халатты абзал жандардың себепші болып жататыны айтпаса да түсінікті емес пе?!