Атырау облысы полиция департаментінде азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті.
Республикалық іс-шара бірыңғай қабылдау күні аясында Атырау облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Үмбетқалиев Қамза Бақтығалиұлына азаматтар жеке сұрақтарымен,ұсыныстарымен және шағымдарымен жүгінді.
Олардың қатарында қылмыстық істерді тергеудің нақтылығы, полиция қызметкерлерінің қажетті шара қолданбауы, сондай-ақ даулы азаматтық-құқықтық мәселелер қозғалды.
Полиция полковнигі барлық сұрақтар бойынша толық түсініктеме беріп, қосымша зерттеуді қажет ететін материалдарды жеке бақылауға алды.
Барлық өтініш білдірушілерді қабылдау және бірде-бір өтінішті назардан тыс қалдырмау үшін қабылдауды сондай-ақ қалалық және аудандық полиция басқармасы бөлімдерінің бастықтары да жүргізді.Қабылдауға келген тұрғындардың барлық мәселелері мен шағымдары, сондай-ақ оларды қарау нәтижелерітолықтай зерттелетін болады.