Анықтама ретінде: 1) Ұйымдастырушылық-штаттық құрылымды оңтайландыру; 2) Қызметкерлердің еңбекақылары мен әлеуметтік қорғау жүйесін жақсарту; 3) Кадрларды іріктеу және дайындау, ведомстволық білім беруді жаңғырту; 4) ІІО-дары құзыретіне тән емес функцияларды алып тастау; 5) Полицияның қоғаммен жұмысы өзгереді, яғни, сервистік немесе клиентке бағдарлау моделіне көшіріледі; 6) Полицияның бағалау өлшемдері (критерии оценки) түбегейлі өзгереді; 7) Сыбайлас жемқорлыққа әсер етуші себептер мен жағдайларды жою бойынша қосымша шаралар қабылданады; 8) Қылмыстық-атқару жүйесін жаңғырту; 9) Азаматтық қорғау органдарын жаңғырту.

2019 жылдың 17 сәуірінде өткен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген Алқа отырысында еліміздің Президенті – Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевпен бірқатар тапсырмалар белгіленіп, жүзеге асыруда Департаментпен тиісті жұмыстар жүргізілді.

Олар:

Бірінші – бөтеннің мүлкін ұрлауға, сондай-ақ мал ұрлығына қарсы тұру.

Екінші – есірткі бизнесімен күресуді күшейту, заңсыз интернет-сайттардың көмегімен таралып жатқан есірткілерді анықтау және оның жолын кесу.

Үшінші – жолдардағы қауіпсіздікті тиісті деңгейде қамтамасыз ету.

Төртінші – Полиция жұмысының тиімділігін арттыру, сервистік модельге көшіру, қоғаммен әңгімелесу және халықтың сенімін иелену.

Халықтың қауіпсіздігін сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мен қылмыстардың алдын алу, полиция қызметі жұмысының ашық та айқындығын көрсету мақсатында, Департамент бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізуде.

Осы мақсатта халықтың сұрақтарына жауап беру үшін интернет желісінде Департамент бастығының блогы және Департаменттің фейсбук парақшасы жұмыс жасауда. Сондай-ақ, Департамент басшылығымен, қалалық, аудандық полиция органдарының басшыларымен әр түрлі сұрақтары бойынша күнделікті азаматтарды қабылдау жұмыстары жүйелі жүргізіледі.

«Атырау» телеарнасымен бірлескен Ведомстволық «Телепатруль» бағдарламасы арқылы, полицияның қылмыспен күрестегі, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жол ережесін бұзушылықтарды анықтау бағытындағы және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі күнделікті жұмыс нәтижелері халық назарына шынайы жеткізіліп, жарияланып отыр.

Есепті мерзімде «Телепатруль» бағдарламасы тек қала шеңберінде ғана емес, сонымен қатар 7 ауданды да қамтып, эфирде 32 бағдарлама көрсетті, оның 9-ы жекеленген аудандардағы жедел ахуал жағдайын көрсетуге арналған.

Халықпен тығыз байланыс тиімділігін арттыру және тұрғындардың өзекті сұрақтарын шешу мақсатында, облыс әкімінің бастамасымен әкімдік жанында ашылған «Телеграмм» чатына келіп түскен Полиция қызметіне қатысты барлық мәселелерге уақытылы жауаптар берілуде.

Сондай-ақ, облыстық Полиция департаменті бастауымен «Ватсап» арқылы ашылған «Қоғамдық көмекші» атты чатқа қаланың белсенді тұрғындары қосылып, бүгінгі күнде олардың тараптарынан полицияның жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар мен әртүрлі құқықбұзушылықтар бойынша хабарламалар түсуде.

Осы жағдайды пайдалана отырып, фото-бейнематериалдар ұсынатын белсенді азаматтарға алғыс білдіргім келеді, олардың арқасында бірқатар тәртіп бұзушылар жауапқа тартылып, қылмыс ашуға көмек көрсетілді.

Алдағы уақытта осы бағыттағы мәселелерді талқылау мақсатында кездесу отырыстарын ұйымдастыру жоспарланып отыр.

· Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету тиімділігін арттыру мақсатында, былтыр сыйымдылығы 800 адамға есептелген, автокөліктерге арналған 200 автокөлік тұрағы мен жүк көліктері үшін 20 автокөлік тұрағы бар облыс орталығында Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылғанын өздеріңіз білесіздер.

Кезек электронды жүйеде жүргізіліп, қызмет көрсету сапасы жақсарды.

Сондай-ақ, облыс аумағына алыс және жақын шетелдерден азаматтарды заңға сәйкес құжаттандыру мақсатында, халыққа қызмет көрсету орталығы қағидаты бойынша жұмыс істейтін, үлкен жайлы залы бар, электрондық кезек алатын заманауи жабдықтармен жабдықталған «Көші-қон қызметтерін көрсету орталығы» ашылып, қызмет атқаруда

Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, бүгінгі күнде барлық полиция құрылымдары сервистік модельге көшіріліп, азаматтарды қабылдауға арналған бірыңғай үлгіде «фронт-офистер» жасақталып, олар толықтай материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, ІІМ-нің стандарттарына сәйкестендіру мақсатында азаматтарды қабылдау орындарын ашу үшін, ғимараттан бөлек тез құрылатын толық жиынтықты үй-жайларын (көлемі 6х12, 72 шаршы метр құрайтын) сатып алуға қаражат бөлінді). Бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіру жалғасуда.

«Фронт-офистер» ашылған сәттен бастап Атырау облысының Полиция департаментімен әртүрлі мәселелер бойынша 2 мыңнан астам (2180) азамат қабылданды (олар: ОПД-264, Атырау қаласы ПБ – 1018, Жылыой-265, Мақат-35, Қызылқоға-77, Құрманғазы-65, Исатай-10, Махамбет-224, Индер-222).

Азаматтардан түскен әрбір хабарламаларға жедел ден қойып, уақытылы қызмет көрсету тиімділігін арттыру мақсатында, Жедел басқару орталығының «102» операторларының саны көбейтілді (12-ден 16-ға, 1-тәуліктік кезекшілікте 3 оператор отырады).

Қазіргі уақытта облыс әкімдігімен «Ахуал орталығына» (Ситуационный центр) бөлек ғимарат бөлініп (Атырау қаласы Төлебаев көшесі, 44 үй м.ж, Сервер-Центр 30 қызметкеріне бейнебақылау камераларын бақылау және қабылдау диспетчерлік орны.), «Көркем Телеком» серіктестігінің қызметкерлерімен байланыс каналдары жүргізіліп, «102» операторлары толықтай көшірілді.

Есепті мерзімде «102» жұмысы бойынша халықтан бірде-бір шағым түскен жоқ.

· Бүгінгі кездесуде, Полиция департаментімен ағымдағы жылдың 8 айында атқарылған жұмыстардың нәтижесін және алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралардың бағыты туралы Сіздерге қысқаша жеткізгім келеді.

Жалпы облыс аумағында криминогендік жағдай – бірқалыпты, 8 айдың қорытындысымен қылмыстылық деңгей 8,2%-ға (4488-ден 4121-ге), қоғамдық орындардағы қылмыстар 29,0%-ға (1188-ден 844-ке) және көшеде орын алған қылмыстар 36,4%-ға (522-ден 332-ге) төмендеді.

Бұл көрсеткіштерге: «Құқықтық тәртіп», «Учаске», «Іздеу», «Мигрант», «Көше», «Тұрмыс», «Қару» және басқа да жүргізілген бірқатар жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесімен қол жеткіздік.

· Бүгінгі таңда қоғамды алаңдатып отырған мәселенің бірі – ол ұрлық қылмыстары. Осы негізде, Облыс әкімімен 2019-2020 жылдарға арналған бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы ведомствоаралық бағдарламасы бекітіліп, барлық аудандарда да жергілікті әкімдіктермен сәйкестік жоспарлар бекітілді.

Есепті мерзімде бұл қылмыс түрлері облыс бойынша жалпы тіркелген құқықбұзушылықтардың басым бөлігін немесе 51,8%-ын (яғни 4121 қылмыстың 2138-ін) құрап отыр.

Ұрлық қылмыстарының алдын алу мақсатында Ішкі істер министрлігі және Облыс әкімінің қолдауымен бірқатар іс-шаралар қабылданып, жүзеге асырылды.

Атап айтқанда, қала аумағында 18 учаскелік полиция бекеттері (12 тұрғын үймен қамтылған) қолданысқа беріліп, қосымша 14 учаскелік полиция бекеттерінің құрылысы жоспарланып отыр (Құрманғазы-4, Махамбет-4, Мақат-2, Қызылқоға-2, Индер-1, Исатай-1).

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жалпы ұрлық қылмысы түрлерінің саны -20,4%-ға төмендеп (2686-дан 2138-ге), ашылуы 29,6%-ға жағсарды (53,7%-дан 83,3%-ға).

Ұрлық қылмыстары бойынша бүгінгі таңдағы проблемалық мәселелердің бірі – ол орта дәрежедегі ұрлық қылмыстары бойынша қылмыскерлердің қоғамнан оқшалауға жатпайтын негіздермен қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бостандықта жүріп қайтадан эпизодты ұрлықтардың жасауы.

Осы жағдайларды ескере отырып, Ішкі істер Министрлігімен Бас прокуратураға Қылмыстық кодекстің 188-бабына «бірнеше мәртелік» белгісін ауыр қылмыс санатына жатқызу

бөлігінде (2-ші бөлімді 3-ші бөлімге) өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар беріліп, 2019 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен Қылмыстық Кодекске өзгерістер енгізілді (02.02.2019 жылы заңды күшіне енді).

Ағымдағы жылдың 8 айында облыс аумағында эпизодты ұрлықтар жасаған 17 қылмыстық топ құрықталып, 41 тұлға бас бостандығынан айыру орындарына қамалды. Оларға қатысты 119 ұрлық қылмысы дәлелденіп, сотқа жолданды.

· Ұрлық қылмыстарының ішінде мал ұрлығы қылмысының үлес салмағы 2,1 пайызды құрағанымен, бұл ұрлық түрі қоғамдық резонанс тудыруда.

Өткен жылы (2018 жылғы 15 наурызда) мал ұрлығына қарсы бірлескен іс-қимыл шараларын талқылау бойынша Ауыл шаруашылық министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің өкілдерінің қатысуымен Атырау облысы Аумақтық инспекциясының өткізген жұмыс кездесуінде Меморандум жасақталып, қабылданды. Осы меморандумға сәйкес, арнайы жұмыс тобы құрылып, олармен облыс аумағындағы мал жануарларына сәйкестендіру жұмыстары жүргізілді.

Анықтама ретінде: Облыстағы ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сәйкес, облыс бойынша барлығы – 949 916 бас мал тіркелген, оның ішінде ірі қара мал басы – 193 854, ұсақ мал саны – 640 369, жылқы саны – 81 130, түйе саны – 34 563 құрап отыр.

Осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіруде, облыс аумағында тиісті құжаттарсыз тасымалданатын малдарды уақытша ұстауға арналған 8 қоршаулар (загон) ашылды (қала-1, аудандарда-7).

Есепті мерзім ішінде, ауыл шаруашылық басқармасымен бірлесіп, облыстық тасжолдарда мал тасымалдайтын автокөліктер тексеріліп, тиісті құжаттарсыз тасымалданған 420 мал басы қоршауларға қамалып, оларды заңсыз тасымалдаған 66 адам (ӘҚБтК-нің 406 бабына сай, ҚР-ның ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2018 жылы – 107).

Қазіргі кезде мал ұрлығының басты проблемалық мәселесі – малды қараусыз, ұйымдастырмай бағылуы. Талдауға сәйкес, тіркелген 46 мал ұрлығы қылмысының 24-і немесе 52,1%-ы жайылымдардан ұрланған.

Сол себепті, малды ұйымдастырылған түрде жаю және олардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, меншігінде малы бар азаматтарға жергілікті тұрғындар арасынан бақташы алу мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазіргі кезде бақташымен мал бағу жөнінде үш жақты келісім шарттар жасақтау жұмысын ұйымдастыру қажет.

Ішкі істер министрлігімен мал ұрлығын ескерту мақсатында, Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне малдардың бақылаусыз жайылуына тыйым салып, осы қағидаларды бұзған азаматтарды жауапкершілікке тартуды көздейтін толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныс берілді.

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде мал ұрлығы -14,8%-ға төмендеді.

· Пәтер ұрлығы қылмысына тоқталсақ, оның алдын алу мақсатында (ұрлық қылмыстарының 24,5%-ын пәтер ұрлықтары құрайды), «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы арасындағы меморандум бойынша «Бұлтты бейнебақылау» жобасымен 146 көп қабатты үйлердің 717 подъездеріне 1434 бейнебақылау камералары қондырылып, 1294 іске қосылды (әр подъезге 2 камерадан орнатылған, біріншісі — подъезд алдындағы үйдің алаңын, ал екіншісі подъездің ішін түсіреді).

Анықтама ретінде: Бейнебақылау камералары «Қазақтелеком» АҚ қаражаты есебінен қондырылуда, кейіннен бейнебақылау қызметіне пәтер иелерінен ай сайын төлем ақы алынады (300 теңгеден бастап). Бейнебақылау камераларының қараусыз қалған заттарға, ірі көлемді заттардың шығарылуына, адамдардың жиналуына және т.б. ден қою функциясы бар. Бұл қызмет жеке және заңды тұлғалар үшін «online» режимінде қолжетімді болады.

Жүргізілген талдау, бейнебақылау камераларымен жабдықталған көпқабатты үйлерде ұрлық қылмыстары айтарлықтай азайғанын көрсетеді (Авангард-2, 3, 4, Алмагүл, Сары-Арка ықшам аудандары мен Азаттық, Сатпаева, Өтемісова көшелері және т.б.).

Жыл соңына дейін облыс орталығындағы көп қабатты 17 үйдің 70 подъездеріне 140 бейнебақылау камераларын қондыру жоспарланып отыр.

Пәтер иелері кооперативі және Күзет мекемелерімен бірлесіп жүргізілген үгіт-насихат жұмыстары нәтижесінде, облыс аумағындағы 1904 пәтерлер мен тұрғын үйлер Күзет мекемелерімен күзетке алынып, облыс орталығында орналасқан көп қабатты 3899 үйдің подъездері күшейтіліп жабдықталды (оның ішінде 125 подъезд темір есіктермен, 3774 подъезд электрондық кодталған құлпы және домофондармен).

Анықтама ретінде: облыс бойынша 52 320 тұрғын үй бар, оның ішінде жеке тұрғын үйлер — 50 717, көп пәтерлі тұрғын үйлер -1603 (оның ішіндегі пәтерлер саны-110 651). Қала аумағында 71 пәтер иелері кооперативтері бар, олармен 930 көпқабатты үйлер қамтылған. Пәтер иелері кооперативтерімен қамтылмаған үйлер саны – 178.

Есепті мерзімде облыс аумағында пәтер ұрлығымен айналысқан 12 қылмыстық топ құрықталып, олардан ломбардтарға тапсырылған 100-ден аса ұрланған алтын бұйымдар тәркіленді.

Ағымдағы жылдың 8 ай қортындысы бойынша пәтер ұрлығы 11,3%-ға төмендеп отыр.

· Соңғы уақытта ақпараттық технология саласында алаяқтық қылмыстарының өсуі алаңдатушылық туғызуда. Есепті мерзімде жалпы тіркелген алаяқтық қылмыстарының 34,9%-ын (тіркелген 779 алаяқтықтың 272-і) осы қылмыс түрлері құрайды (интернет желісі арқылы жасалатын алаяқтық, 2018 жылы тіркелген 812 алаяқтықтың 226-ын немесе 27,8% құраған).

Интернет алаяқтық қылмыстарының басым бөлігі республикамыздың басқа облыстарының тұрғындарымен жасалуы бұл санаттағы қылмыстарды ашу жұмыстарына қиыншылық туғызады (БҚО, Маңғыстау, Алматы және т.б.).

Анықтама ретінде:

— 2018 жылы жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде интернет желісі арқылы алаяқтық қылмысын жасағаны үшін БҚО облысының 2 тұрғыны (19 эпизод ), Алматы облысының 2 тұрғыны (6 эпизод), Маңғыстау облысының 1 тұрғыны (4 эпизод), Атырау облысының 4 тұрғыны құрықталды (5 эпизод).

— Ағымдағы жылдың 8 айында жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде интернет желісі арқылы алаяқтық қылмысын жасағаны үшін БҚО облысының 1 тұрғыны (3 эпизод ), Алматы облысының 1 тұрғыны (10 эпизод), Маңғыстау облысының 1 тұрғыны (3 эпизод), Атырау облысының 2 тұрғыны құрықталды (4 эпизод).

Қазіргі кезде сот санкциясымен қала аумағында орналасқан «Халық», «Каспий», «Сбербанк», «Азиякредит», «Форте» және тағы басқа банктерден ақша қаражаттары аударылған «Киви» әмиян есепшоттарының иелері мен ақша қаражаты қай облыстан түсірілгені туралы мәліметтер алынып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Алаяқтық жолмен алдау жөнінде уақтында хабардар болған адамның, қылмыстың бастапқы кезінде өзін алаяқтықтан сақтандыруға мүмкіндігі болады.

Осы негізде, алаяқтық қылмыстарының жолын кесу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет жүйелері арқылы алаяқтықтың алдын алу тәсілдері мен одан сақтану жолдары жариялануда.

· Есірткі бизнесімен күресті күшейту

Облыс аумағында есірткі қылмысымен күрес саласында басты назар нашақорлыққа қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге және есірткілердің келу арналарын жойып, есірткі құралдарын сату мен тасымалдауды анықтауға бағытталды.

2019 жылдың 8 айында есірткі саласымен 75 (2018ж. – 97) құқық бұзушылық тіркелді. Заңсыз айналымнан 9 кг.ға жуық (8 кг.920,94 гр.) (2018ж. – 4 кг 557,01 гр.) есірткі заты тәркіленді (оның ішінде: марихуана – 7 кг 374,4 гр. (2018ж.–3 кг 412 гр.), экстракциялық опий – 17,46 гр. (2018ж.–12,79 гр.), ацитилдық опий – 3,07 гр).

Облыс аумағында ұзақ уақыттан бері есірткі бизнесімен заңсыз айналысып келген 2 адамнан құрылған қылмыстық топ әшкерленіп, олардан жалпы салмағы 6 кг марихуана есірткісі тәркіленді.

Министрліктің нұсқауына сәйкес, «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда, жергілікті атқарушы органдармен бірге жыл сайын Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес акциялар өткізіледі.

Осы негізде, облыстың Білім беру, Денсаулық сақтау, Спорт және дене шынықтыру басқармаларымен және Үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен іс-шаралар жоспары жасақталып, бекітілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бұл жұмыс бағытында басты назар – жаңа психобелсенді және синтетикалық есірткі түрлерін анықтауға бөлініп отыр.

Бұл санаттағы қылмыстардың алдын алу мақсатында, интернет-құрылғыларына үнемі негізде мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде есірткі құралдарын ғаламтор жүйесі арқылы жарнамалайтын 72 сайт анықталып, барлығы уақытында бұғатталды.

· Халық тарапынан түсетін шағымдардың басым бөлігі – жол қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты.

Осы жол-көлік оқиғаларының алдын алып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында біздермен келесі іс-шаралар қолға алынды:

— жасалған жол-көлік оқиғасы талдауын есепке ала отырып, орналастыру-жоспарын қайта қарап апатты-қауіпті учаскелерде автопатрульдер саны көбейтілді;

— автожолдарда жол бойындағы билбордтарда Жол қозғалысы ережесін сақтамау салдарынан болған жол-көлік оқиғасы туралы көрнекі үгіт-насихат плакаттары орналастырылды.

— жергілікті телеарналарда жол қозғалысы қауіпсіздігі тақырыбында бірқатар әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді («Хабар», «Атырау», «24 КЗ» және «Каспианньюс» телеарналарына сюжеттер берілді және «Прикаспийская коммуна», «Атырау», «Ақ Жайық», «Атпресс», «Мой город», «Кең Жылой», «Серпер», «Дендер», «Қызылқоға», «Жайық шұғыласы», «Мақат тынысы» баспалары тілшілерінің қатысуымен өтіп, сайттарына орналастырылып, жарияланды ).

Сонымен қатар, әрбір бесінші жол-көлік оқиғасының жаяу жүргінші жолында болатынын ескеріп, әкімдіктермен бірлесіп ағымдағы жылдың сәуір айында жарық шағылыстыратын элементтері бар арнайы термопластика жол төсемдерін салдыру жолға қойылды.

Жыл басынан бері облыс орталығында 200-ге жуық жаяу жүргіншілер жолдары арнайы жарық қайтарғыш элементтері бар бояумен сырланды, алайда табиғи факторлардың әсерінен олардың пайдалану уақыты қысқа болып отыр (жаңбыр, балшық, қар). Осы негізде, облыс орталығындағы барлық жол және жаяу жүргіншілер өтпелерін термопластикпен жабдықтау бойынша жергілікті атқару органдарына ұсыныстар берілді.

Бұдан басқа, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап ІІМ-нің нұсқауына сәйкес «Жолда қабылдау» кең ауқымды акциясы кезеңімен өткізіліп (5-6 сәуірде, 17-18 мамырда, 14-15 маусымда және 19-20 шілдеде), онда 2000-ның үстінде өтініштер мен сұрақтарға жауап беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

.

Жол-көлік оқиғаларының орын алуының негізгі себептері, ол жүргізушілердің жылдамдықты асыруы және қарсы бағытқа шығу салдарынан болып отыр.

Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 93 мың 868 әкімшілік хаттама толтырылды, оның ішінде 38 мың 665 (31446) жылдамдықты асыру, 919 (716) мас күйінде автокөлікті жүргізу, 265 (234) қарсы бағытқа шығу.

Сондай-ақ, республикалық маңызы бар тас жолдарда (1120 шақырым) жол-көлік оқиғаларының саны 36,8%-ға (), онда жарақат алғандар саны 80,6%-ға (36-дан 65-ке дейін) өсіп, қаза болғандар саны өткен жылмен бірдей тұрақты қалыпта қалды ().

Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі «Доссор-Құлсары-Бейнеу» тас жолында орын алған.

Өздеріңізге белгілі, облыс орталығында орналасқан жаңа ықшам аудандардың жолдары толық асфальт төселген. Олардың көлемі 1594 шаршы метрді құрайды. Салынған жаңа жолдардың өзінде -71 жол көлік оқиғасы орын алып отыр.

Облыс әкімдігінің қолдауымен облыс аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Атап өтсек:

· Облыс орталығында 5 жер үсті өткелінің құрылысы жоспарланып, оның 2-уі бойынша құрылыс жұмыстар жүргізілуде басқа өткелдердің жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда;

· Мемлекеттік — жеке меншік әріптестік шеңберінде қала аумағында 51 көше қиылысы мен 153 желілік учаскелерге автоматты түрдегі фото-бейне жазып алу жүйесінің құрылғыларын қондыру жұмыстары жүргізілуде;

· 7 магистральды көшені қайта жасау және ұлғайту жұмыстары жүргізілуде (Бейбарыс даңғылы, Құрманғазы, С.Датов, Уәлиханов, Амандосов, Гумаров және Канцев көшелері). Соның ішінде, Құрманғазы көшесінде автокөлік жолын қайта жаңғырту жұмыстары кезінде, жолды бетонды бөлу жолағы қарастырылып отыр, ол автокөліктің қарсы бетке шығып кетуіне мүмкіндік бермейді, көлікті өткізу қаблеттілігін көбейтеді;

· Реттелетін қиылыстарды жеңілдету және көлік кептелісінің болдырмау үшін бағдаршам сигналына бағынбайтын оң жаққа шығатын жолдар салынып іске қосылды (Владимирский-Құрманғазы, Владимирский-Гумаров, Владимирский-Сәтпаев, Ерниязов-Сәтпаев, Сәтпаев-Исатай даңғылы);

· Облыс орталығында көше-жол желілерінде жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жаяу жүру өткелдерінде 600 дана жарықтандыру тіректерін орнату жоспарланып, қазіргі кезде, оның 260-ы облыс орталығында және 55-і Құлсары қаласында орнатылды;

· 500 погондық метр жасанды жол кедергісі орнатылып (тұрғын үй ықшам аудандары, білім беру ұйымдары және балалар ойын алаңдары маңында), қосымша тағы 500 погондық метр жол кедергісін орнату үшін қаражат бөлу жоспарлануда;

· Жол апатынан сақтану үшін жүргізушілердің назарына жеткізу мақсатында тасжолдарда жеке жобаланатын 66 панно орнату жоспарланды (Атырау-Индер а/ж – 22, Атырау-Орал а/ж — 24, Доссор-Құлсары а/ж – 12, Атырау-Ақтөбе а/ж- 8);

· Жол қозғалысына қауіпті болып саналатын 35 «тар жер» есепке алынды (3-уі республикалық, 15-і жергілікті маңызы бар автомобиль жоЯлдары, 17-і облыс орталығында). Апаттық-қауіпті аумақтарды жою бағытында, нұсқамалар жолдау арқылы тиісті жол белгілерін орнату жоспарланып, олардың бірқатары автокөлік жолдарын қайта жаңғырту жұмыстары кезінде жойылуда.

Облыс орталығының 21 нүктесінде Жол қозғалысы ережелерін бұзу, оның ішінде жылдамдықты асыру фактілеріне фото-бейнетіркеуді жүзеге асыруды, жалпы автокөлік қозғалысын бақылауға алатын 17 «КОРДОН» кешендері және 4 көше қиылысында интеллектуалды бейнекамералар орнатылып,жұмыс жасауда.

Аталған құрылғы көмегімен 2019 жылдың 8 айында 42 985 құқықбұзушылық анықталып, 189млн 702 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 127млн. 743мың теңгесі өндірілді.

Сонымен қатар қазіргі уақытта Ресей Федерациясымен шекаралас аумақта орналасқан «Котяевка» бекетінде автокөліктерді санаттарға бөле отырып, мемлекеттік тіркеу нөмірлерімен сәйкестендіруді жүзеге асыру функцияларымен ерекшеленетін және үздіксіз бақылауды қамтамасыз етуге арналған кешені орнатылып, 2019 жылдың тамыз айында іске қосылды.

Жол-көлік оқиғаларын алдын алу бағытында елді-мекендердегі жолдарға жасанды кедергілер орнату жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда ұзындығы 5625 шаршы метр болатын жасанды кедергілер орнатылды, оның 3448-і облыс орталығында орнатылған.

Республикалық және облыс жолдарында жол-көлік оқиғаларының өсуіне байланысты автомобиль жолдары мен жолаушыларды тасымалдайтын бағыттарға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, анықталған кемшіліктер бойынша Жергілікті атқарушы органдар мен «Казавтожол» мекемесіне 890 ұйғарым берілді (республикалық жолдар – 78, облыстық жолдар- 38, аудандарда – 463, елді-мекендерде -311). Оның ішінде, жол қозғалысын техникалық реттеу құралдарын қалпына келтіру немесе орнату -547, қыс мезгілінде жол қозғалысын қамтамасыз ету шараларын жасау -189, жол бөлігіндегі шұңқырларды қалпына келтіру -107.

Осы ұйғарымдардың негізінде, жол-коммуналдық органдарының 108 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды (630 баппен — 51; 631 баппен- 54; 462 баппен– 37).

Анықтамалық: Облыс көлемінде барлығы 52 бағдаршам, 15773 жол белгілері, жалпы 274 580 м2 жол сызбалары пайдаланымда. Атырау облысының аумағынан өтетін республикалық

маңыздағы жолдардың жалпы ұзындығы 1120 шақырымды құрайды: «Ақтөбе – Атырау – Астрахань» — 545; «Атырау – Орал» — 184; «Доссор – Құлсары — Бейнеу» — 210; «Махамбет — Х.Ерғалиев» – 45; «Құлсары — Мұқыр» — 136.

· Мемлекет басшысының «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру туралы берген тапсырмасын орындау бағытында ағымдағы жыл ішінде 138 мыңға жуық (137719) құқық бұзушылық фактілері анықталды.

Олар бойынша 113 мыңнан аса (113 575) адамға 1млрд 73млн. 408 мың теңгеге әкімшілік айыппұл салынып, оның 720 млн теңгеге жуығы (719 млн 420 мың 286 теңгесі немесе 68,4%) мемлекет кірісіне өндірілді.

· Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі патрульдік полиция қызметкерлері үшін жаңа жетонның эскизін әзірледі.

Бұдан басқа қызметтік автокөлікте: осы патрульдік автокөлік бекітілген жергілікті жердегі полицияның кезекші бөлімінің телефон нөмірі және автокөліктің борт нөмірі көрсетіледі.

Бүгінгі күні жергілікті полиция қызметінің барлық қызметкерлері кезекші ауысым ішінде өздерінің, сондай-ақ азаматтық тұлғалардың іс-әрекеттерін тіркейтін портативті бейнетіркегіштермен жабдықталған.

Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес бүгінгі күні бірде-бір полицей бейнетіркегішсіз қызметке түспеуі тиіс!

Осы мақсатта қызметтік автокөліктердің барлық салондарында стационарлық бейнетіркегіштер орнатылған, олар Департаменттің жедел басқару орталығынан «он-лайн» режимінде кезекші нарядтардың жұмысын қашықтықтан бақылауға мүмкіндік береді.

Ал, кеудеге тағатын бейнетіркегіштердің жазбалары күн сайын серверге жүктеледі, талданады және қызмет кезеңіндегі бұзушылықтар анықталған жағдайда, қызметкерлерге тәртіптік сипаттағы шаралар қолданылады.

· Көші-қонды бақылау және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл мәселелері – бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі. Осыған байланысты облысқа келген шетелдіктерді бақылаудың нақты жүйесі іске асырылып, заңсыз көші-қонның жолын кесу бойынша тиісті шаралар қабылдануда.

2019 жылғы 8 айында 60 мыңның үстінде (67731 қарсы 70388) шетелдік тіркелді, оның 9 мыңы (9283 қарсы 6086) алыс шетелдерден және 58 мыңы (58448 қарсы 64302) ТМД азаматтары. Өткен кезеңде шетел азаматтарымен 39 (28) қылмыс жасалса, оларға қатысты 87 (25) қылмыс жасалған. Сондай-ақ, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 3363 (3245) шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 21 млн. 501 мың теңге айыппұл салынды (өндірілгені 20 млн. 176 мың теңге, 94%). 305 (397) шетел азаматы Қазақстан аумағынан тысқары шығарылды.

53 мыңнан астам (53442) еңбекші көшіп келушілерді заңдастыру нәтижесінде, мемлекет кірісіне 722 млн.ға жуық (721 млн. 923 мың 350 теңге) қаражат аударылды.

· Қоғамдық қауіпсіздікті тиісінше қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын бейнебақылау желісі кеңейтілуде.

· Облыс орталығындағы бейнекамералардың жалпы саны 759 бірлікті құрады (337 – қозғалмалы, 422 – стационарлы), олардың көмегімен 50 қылмыс ашылып (2018ж.8а.-50 қылмыс ашылды), 19762 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды (2018ж.8а.-22292 ӘҚБ анықталған).

Орталықтың бейнебақылау жүйелерін кеңейту және аппараттық-бағдарламалық кешенін жаңарту мақсатында, 2019-2020 жылдарға арналған «Smart Қауіпсіздік» мемлекеттік жекеменшік әріптестік шеңберінде адамдар жаппай жиналатын орындар мен тұрғын үй аулаларына 774 бейнебақылау камераларын қондыру орындары белгіленді.

Сонымен қатар, әртүрлі оқу орындарында, ауруханаларда, мешіттерде, спорткешендерінде, көп қабатты үйлер мен жеке мекемелерде (кафе, мейрамханалар, сауда орталықтары, т.б.) орнатылған 750 бейнекамераларды бірыңғай бейнебақылау орталығына (интеграция) біріктіру жоспарланып отыр.

Анықтама ретінде: Полиция департаментімен бекітілген мекен-жай бағдарламасына сәйкес, облыс орталығындағы тұрғын үйлердің аумағында барлығы 100 нүктеге 216 бейне бақылау камераларын (155-стационарлы, 61-қозғалмалы), халық көп шоғырланатын, яғни осал объектілердің маңына барлығы 53 нүктеге 168 бейнебақылау камераларын (122– стационарлы, 46-қозғалмалы), білім беру мекемелерінің 108 нүктесіне 381 бейне бақылау камерасын және ҚАЖ Департаменті мен оған қарасты мекемелердің 3 нүктесіне 9 бейне бақылау камерасын (6-стационарлы, 3- қозғалмалы) орнату көзделген.

«Цифрлік Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, Полиция департаментімен облыстың 7 аудан орталықтары бойынша бейнебақылау жүйелерінің, соның ішінде интеллектуалдық жүйелердің 483 бейнебақылау нүктелері белгіленіп, мекен-жай бағдарламасы жасақталып, облыс әкімдігіне (13.02.2018ж. №10-4-25/323) жолданды.

Анықтама: Жылыой ауданына-150, Индер ауданына-49, Махамбет ауданына-62, Құрманғазы ауданына-61, Исатай ауданына-46, Мақат ауданына-51, Қызылқоға ауданына-64 бейнекамера қарастырылған.

Осы негізде Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында Жедел басқару орталығы салынып, жерігілікті бюджеттен қаражат бөлініп, қажетті жабдықтармен 103 дана бейнебақылау камераларын қондыру жұмыстары жүргізілуде.

· Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде – барлық мемлекеттік органдарды цифрландыру бағытындағы маңызды бағыттардың бірі «Электрондық қылмыстық іс» және «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» жобаларын енгізу болып табылады.

Осы негізде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар планшет арқылы рәсімделуде.