Мемлекеттік сатып алу жүйесі – ел экономикасының маңызды тетіктерінің бірі. Ол мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджет қаражаты есебінен тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуын реттейді. Сондықтан бұл саладағы ашықтық, әділдік және тиімділік қоғам үшін айрықша маңызға ие.

Әділдік пен тең мүмкіндік қағидасы да маңызды. Барлық қатысушылар үшін бірдей талаптар қойылып, ешқайсысына артықшылық берілмеуі тиіс. Бұл – сенімді әрі тұрақты іскерлік ортаны қалыптастырудың негізгі шарты. Мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалану – басты міндеттердің бірі. Сондықтан сатып алу барысында тек баға ғана емес, өнімнің немесе қызметтің сапасы, жеткізу мерзімі және басқа да маңызды көрсеткіштер ескеріледі. Сондай-ақ, жауапкершілік қағидасы да назардан тыс қалмайды. Сатып алу процесіне қатысушылардың барлығы заң алдында жауапты. Кез келген заң бұзушылық тиісті шаралармен қатаң реттеледі.

Қорытындылай келе, мемлекеттік сатып алу қағидаларын сақтау – бюджет қаражатын тиімді басқарудың және қоғам сенімін арттырудың негізгі кепілі. Бұл жүйені жетілдіру – уақыт талабы әрі экономиканың тұрақты дамуының маңызды факторы.

Қ.АБИЕВ,

Маңғыстау мемлекеттік мүлік

және жекешелендіру департаментінің

Активтерді басқару бөлімінің басшысы