Сыбайлас жемқорлық қоғамның тұрақты дамуына кедергі келтіретін, азаматтардың мемлекеттік билікке деген сенімін әлсірететін теріс құбылыс болып табылады. Сондықтан оны болдырмау және алдын алу – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті арттыру және қызметтік әдеп нормаларын сақтау сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі тетіктері болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Адалдық пен әділдік қағидаттары орныққан жағдайда ғана құқықтық және әділ қоғам қалыптасады.

Г.КУШЕРОВА,

Маңғыстау облысы, Мұнайлы аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары