Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Сыбайлас жемқорлық адамдардың қоғамның демократиялық негізіне, заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні анық.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Маңғыстау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы «Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №1147 қаулысындағы іс- шаралар жоспарына сәйкес, ашық есік күні және азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында акция жарияланып, қабылдауға келген азаматтарға тиісті жауаптары берілді. Сондай-ақ, департаментте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп келеді.
Департаментте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға, оның нәтижелерін мониторингтеуге, сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыруға, парасаттылық идеологиясын нығайтуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілкті жетілдіруге байланысты жұмыстар атқарылып келеді.
Маңғыстау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті – Маңғыстау облысының аумағында өз құзіреті шегінде республикалық мүлікті басқару саласында басшылықты, республикалық мүлікке мемлекеттің құқықтарын іске асыруды, жекешелендіру мен экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыратын аумақтық орган.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдердің төмендетудің маңызды факторы жауапты орындаушылардың құзыреттілігі мен кәсібилігі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын басшылыққа ала отырып, департамент сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгілерін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту бойынша одан әрі жоспарлы жұмысты жалғастырады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін көтеру – күрделі және көп қырлы процесс екенін атап өту қажет. Бұл мәселені шешу үшін мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам институттары және жалпы қоғам тарапынан бірлескен күш-жігер қажет. Сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету және қоғамдық бақылауды күшейту – осы мақсатқа жетудің негізгі құралдары. Ал мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету – мемлекеттің тұрақты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттырудың маңызды шарты.
М. КАМАЛОВ,
Маңғыстау мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру департаментінің басшысы