Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның басты мақсаты – азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық   көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу болып табылады. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

         Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрағасымен 2025 жылғы 13 наурызда бекітілген 2025 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын-алу» үлгілік базалық бағыттың жүзеге асырылуы жоспары бекітілген. Осы іс-шаралар жоспарына сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары  жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, алдына ала анонс беріліп, ашық есік жарияланып, азаматтарды қабылдау арқылы тиісті жауаптар берілді.

         Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарында негізгі назар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға, оның нәтижелерін мониторингтеуге, сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыруға, парасаттылық идеологиясын нығайтуға, лауазымды адамдар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға байланысты жұмыстар жүргізілуде.

         Қазынашылық департаментінің негізгі қызметі республикалық бюджеттің және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсетумен байланысты болғандықтан, қаржылық тәртіпті күшейту бойынша жұмыстар ұйымдастырылып келеді. Жүйелі түрде бюджет заңнамасының талаптары және ондағы өзгерістер мен толықтыруларға қатысты мемлекеттік мекемелердің өкілдерімен семинар кеңестер өткізіледі. Орындауға түскен қаржылық құжаттарды негізсіз қайтару фактілеріне жол бермеу бағытынды шаралар қолданылады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетудің маңызды факторы жауапты орындаушылардың құзыреттілігі мен кәсібилігі болып табылады.

         Қазынашылықтың қолданыстағы ақпараттық жүйелері жетілдірілуде, ақпараттық жүйелердегі жұмыс қазынашылықтың жауапты орындаушыларының мемлекеттік мекемелер өкілдерімен байланыстары кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға, «адами факторды» барынша азайтуға, жүргізіліп жатқан барлық операциялардың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын басшылыққа ала отырып, Қазынашылық департаменті сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгілерін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту бойынша одан әрі жоспарлы жұмысты жалғастырады.

          Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоюдың, құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор. Халық өзінің құқығына қарсы қандай да бір заңсыз іс-әрекет жасалған жағдайда нендей іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.

М. БУХАРБАЕВ,

Маңғыстау облысы бойынша

Қазынашылық департаментініңбасшысы