Елімізді демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттік ретінде орнықтыру жолындағы ең басты қауіп-қатерлерінің бірі сыбайлас жемқорлық екені барлығына белгілі. Тәуелсіз еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде айқындалған. Өйткені сыбайлас жемқорлық әлдеқашан қоғам өмірінің барлық саласына тарап үлгерді. Қоғам ішіне мықтап орнығып алған осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатуы ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел келешегіне, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиян әкелетіні аян.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Сондықтан да сыбайлас жемқорлық елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, демакратиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететіндігі және елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіреді
Бұл ретте Маңғыстау облысы, Түпқараған аудандық қазынашылық басқармасының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарқынды күрес және оның алдын алу туралы мәселелер өзара талқыланып, сыбайластыққа жол берілмейтіндігі айтылып өтті.
А.ТУМАЕВА,
Маңғыстау облысы,
Түпқараған аудандық қазынашылық басқармасы
басшысының орынбасары