Қазір елімізде 140 бағыт бойынша қатынайтын пойыз бар. 1 қазаннан бастап, соның 62 бағытында тарифі өсіп, пойыз билеттері қымбаттады
Стандарт вагондардың құны 6300 теңгеден 7500 теңгеге көтерілді. Ал «Тальго» пойызына жолаушы билеттері 10 мың теңгеден 12 мың теңгеге қымбаттаған.
Үкімет тарифті өсіру арқылы теміржол паркін жаңартуды көздеп отыр. Себебі 2 600-ден астам вагонның 44 пайызы әбден тозған.