Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 597 бұйрығымен бекітілген тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесіне сәйкес Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті қабылданатын ден қою шараларының алдын алу әсерін арттыру саясатын тұрақты негізде жүргізеді.
Бюджет қаражатының ашықтығын және мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету үшін Маңғыстау облысының білім беру мекемелерінде жалақы төлеу түріндегі жеке тұлғалардың карт-шоттарына бюджет қаражатының негізсіз аударылуына тұрақты негізде мониторинг жүргізіліп, қорытындысын айта кетсек:
2024 жылы бюджет қаражатын жалпы сомасы 43,6млн.теңгеге аудару кезінде сәйкессіздіктер мен айырмашылықтар анықталды. Айта кетсек, 29 қызметкерге қатысты 22 хабарлама (факт) жіберілді, оның ішінде 7 хабарлама (14 қызметкер) бойынша 6,8 млн. теңге көлемінде негізсіз аударылған қаражат қайтарылды, оның ішінде: бюджет кірісіне 4,6 млн. теңге өтеліп, жалақыдан ұсталып, мекеменің шотына 2,1 млн. теңге қайтарылды.
А.ЕРКІНОВ,
Маңғыстау облысы бойынша
ішкі мемлекеттік аудит департаменті,
қаржылық есептілік аудит бөлімінің
бас маман-мемлекеттік аудиторы