Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына, сондай-ақ камералдық бақылауды жүргізу қағидаларына сәйкес Ішкі мемлекеттік аудит Комитеті және оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік аудит объектілеріне бармай-ақ камералдық бақылауды жүзеге асырады.
Камералдық бақылаудың мақсаты мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтарды уақтылы анықтау және жолын кесу, сондай-ақ аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру болып табылады. Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы алынған мәліметтерді салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
2024 жылы камералдық бақылаумен мемлекеттік сатып алудың 21 835 рәсімі қамтылды, оның ішінде 22 029 камералдық бақылау іс – шараларының нәтижелері бойынша 2 790 хабарлама жолданып, оның ішінде 2 734 хабарлама тиісінше орындалып, 56 хабарлама бұзушылықпен орындалғаны анықталды.
Хабарламаларды тиісінше орындамау фактілері бойынша 56 әкімшілік хаттама жасалып, ҚР ӘҚБтК 462-бабының 3-бөлігі бойынша 54 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
2023 жылы мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы 1 959 шағым келіп түсті және 1 959 шағым қаралды, оның ішінде 255 шағым қанағаттандырылды, 579 шағым ішінара қанағаттандырылды, 1 125 шағым қанағаттандырудан бас тартылып, қаралған шағым саны – 0.
А.КАДРАЛИЕВ,
Маңғыстау облысы бойынша
ішкі мемлекеттік аудит департаменті
басшысының орынбасары