Ғ.Сланов атындағы  Атырау  облыстық ғылыми әмбебап кітапханада Халықаралық жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі, ақын Төлеген ЖАҢАБАЙДЫҢ «Ізім жатыр даламның ой, қырында» атты шығармашылық кеші өтті.

Дүниежүзілік кітап күні аясында ұйымдастырылған әдеби кеште ақынның өлеңдері оқылып, әріптестері қаламгердің өнегелі өмір жолы туралы естеліктер айтты. Қаламгердің туындыларынан кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Төлеген Жаңабай Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Балабейіт ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1966 жылы аудандық газетте әдеби қызметкерден бастап, облыстық «Қайсар» газетінің және облыстық телеарнаның телехабарлар жөніндегі бас редакторы болып  қызмет атқарған. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде аға оқытушы, доцент болып, журналистика мамандығы бойынша шәкірттер дайындады. Бүгінде «ҚР Ақпарат саласының үздігі», «Үздік өлкетанушы» атағының иегері.

       Тимур Саламатов.