«Алаш Туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз!» деп жырлаған Сұлтанмахмұт Торайғыров секілді қазақ зиялылары елдік мұраттың жойылмауын көздеді. Өткен ғасырдың 20-30 жылдары мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихтың шерлі беттерінің бірі болып қала бермек. Қатал тоталитарлық жүйенің барлық ауыртпалығын қазақ халқымен бірге жер аударылған 1,5 миллион неміс, поляк, корей, шешен, түрік және басқа да халықтар өкілдері көтерді.
Заман ауыртпашылығына қарамастан, барынан айырылған жандар біздің жерімізден жаңа баспана тауып, жан жылуына, түсіністік пен қамқорлыққа ие болды. Бүгінде қоғамдық келісімнің айрықша институты- Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады. Татулық, бірлік және тұрақтылық – бұл Қазақстанның ХХІ ғасырдағы дамуының маңызды принциптері және «2050 – Стратегиясының» биік мақсаттарына қол жеткізудің басты шарты. Бұл мәңгілік құндылықтар еліміздің өркендеуінің сенімді негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында бүгінгі күннің ең басты мәселесі ел бірлігіне баса назар аударды. «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады». Бүгінгі Қазақстанның жеткен жетістіктері мен алған шыңдары бірліктің арқасы. Сондықтан қазақтың бірлігі – елдігіміздің кілті, ең басты мәселесі. Ел бірлігі – ең асыл қасиет», — деген Елбасы тұжырымы Отанын сүйген әр азаматтың жүрегінен орын тебуі керек.
Бірлік мейрамы құтты болсын, ағайындар!