Қарық қып құтты Наурыз,

 Қазанға толсын сары уыз.

Қайнасын Наурызкөже де,

Толтырып ішкей кесеңе.

 Ұлыстың ұлы күнінде,

Көппенен бірге күлімде.

Көбейсін жаңа достарың,

Молайсын елге қосқаның.

Жарасып көңіл хоштығы,

Бекісін халық достығы.

Ішінде жүрсе азғана,

 Шайылсын өкпе, наз-нала.

Алдыға сыймай сәбилер

, Құшағын жайсын жаңа үйлер.

 Жастардың самсап отауы,

Мейірім төксін Отаны.

 Әспеттеп ата дәстүрін,

 Әсем боп өссін жас буын.

Кірбің тартпасын кәрілер,

 Барыңның дәмді нәрін бер! — деп Наурыз көже ішілерде ақсақалдар бата берген.