Кез-келген салада отбасы сабақтастығын жалғаған ұрпақ иелері құрметті орынға ие. ІІО — да абыройлы қызмет атқарып жүрген полицейлер әулеті де аз емес. Солардың бірі — Атырау облысы Полиция департаментінің зейнеткері мен қазіргі полицейі әкесі мен қызы — Көркембаевтар отбасы.
Полиция майоры шенімен зейнеткерлікке шыққан Көркембаев Құрман Жасенұлы алғаш еңбек жолын 1996 жылы Атырау облысы Ішкі істер департаментінде бастаған. 2007 жылға дейін жедел уәкіл қызметін атқарып полиция майоры шенімен зейнеткерлікке жетті. Бүгінде үш қыздың асқар тау әкесі.
Көркембаева Гузель Құрманқызы 2016 жылы Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына түсіп 2020 жылдың мамыр айында оқуын үздік дипломмен бітірген. Гузел Көркембаева қазіргі уақытта Атырау қаласы Полиция басқармасында полиция лейтенанты.
«Бала кезден бері әкемнің нысанды киімімен үнемі қызметте жүретіннін , анамның әкемді сәттілікпен қызметке шығарып салатынын, қызметтіне абырой тілеп жүретінін естіп өстім. Мектеп бітіре салысымен әке- анаммен ақылдаса келе, көз алдымдағы әкемнің көрінісі еліне, жеріне деген махаббатын жалғастыруды жөн көрдім» — дейді, жас қызметкер.