Арулар — асыл жандар!
Шуақ боп шашылғандар,
Қуат боп тасынғандар,
Құшақ боп ашылғандар,
Арулар — асыл жандар!
Арулар — асыл жарлар!
Арулар — әрбір үйдің шаңырағы,
Әрбір үйге от болып жағылады…
Ана деген — ең сұлу да көркем ұғым және ең керемет атау. Дүниеге шыр етіп келгеннен — ақ балаға ең жақыны, досы, сырласы, қамқоршысы, тәрбиешісі, әрине, анасы. Ана деген — үш-ақ әріптен тұратын қастерлі де қасиетті есім. Оның қадірін түсініп біту мүмкін емес. Ананың аяулы алақанынан артық не бар бұл жалғанда?
Ақ шашты ана: «Жастығым — балам» дейді. Ақылды бала: «Ай-күнім — анам» дейді. Адамгершілектен аттамай қолда барда алтынның қадірін білейік. Анаға деген махаббатымыз мәңгілік болсын!
/Бүгінгі арнаулы номер аналар мен аруларымызға арналады/