Елімізде жаңа латын әліпбиіне көшуге дайындық жан-жақты жүріп жатырғаны белгілі. Осы ретте «Sakhara» газетінде де жаңа әліпбиге көшуге дайындық қызу жүріп жатыр. Газет Қазақстан республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінде «Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою, қайта есепке қою туралы» тәртібіне сәйкес қайта тіркеуден өтіп, № 17503-Г Куәлігін алды.

Осы жаңа куәлікке сәйкес газет атауы «Sakhara» боп өзгерді. Газет аптасына бір рет респубикамыздың түкпір-түкпіріне қазақ,орыс,ағылшын тілдеріндегі материалдармен, сыртқы беттері түрлі түспен тарауда.

Оқырмандар газетімізді «sakhara.kz» сайтынан және Фейсбук желісінде «Сахара» парақшасынан оқи аласыздар. Біздің электронды почтамыз: sakhara_@mail.ru оқырмандарға әрқашан ашық.

Редакция