ХҚО-да өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмысы жандануда

Ақтөбе облысында бүгінде барлық ХҚО-да өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарының жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Онда жүзден астам қызметкер азаматтарға кеңес беріп, халықтың цифрлық сауаттылығын көтеруге ат салысуда. Тұрғындар компьютерлер арқылы керекті анықтамалар мен электронды қызметтерді өз беттерінше алуға машықтанып жатыр