Әлеуметпен байланыстағы елдің әлеуеті мықты

Тек Атырау өңіріне ғана емес, бүкіл Қазақстанға экономикалық күш беріп отырған Атырау мұнай өңдеу зауытының аумағына барып, мекеменің Бас директорының орынбасары Сүлейменов Еркін Борисұлымен еркін түрде сұхбат құрдым. Еркін Борисұлы зауыттың әлеуеті мен әлеуметтік жағдайларға қаншалықты көңіл бөліп жатқандығы жөнінде баяндап берді.