УНИВЕРСИТЕТ ЖӘНЕ АУЫЛ МЕКТЕБІ

Cексен жылдан астам тарихы бар Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Қазақстандағы жоғары оқу орындарының арасында іскер, білікті мамандар мен кәсіби шеберлігі келіскен ұстаздар даярлайтын білім ордасына айналды. Осындай іргелі оқу орнының Атырау облысындағы ауыл мектептеріне қамқорлықты күшейту туралы Үндеу жариялауы заңды құбылыс болып табылды.

Сабақтар ұлттық сипат алуы тиіс

«Ана тілің – арың бұл» кешенді іс-шаралар шеңберіндегі жұмыстар нақты нәтижесін беруде. «Ұлттық құндылықтарды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қалыптастырудың инновациялық жолдары» атауымен облыстық семинар аудан орталықтарында өтіп жатыр. Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысындағы филиалы және Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті аудандық білім бөлімдерімен бірлесе ұйымдастырған іс-шараға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары қатысып, тәжірибе алмасуда.