Мен білетін Сансызбай осындай жан еді

Бұл 1965 жылы балаң шағында аудан баспасөзі қарашаңырағына келген Сансызбай Базарбаевтың 1986-ыншы жылы қайта құрудың балғасы дүңкілдете соғып тұрған шақта аупарткомда сегіз айдай жұмыс істеп қайта оралғанда аудандық газет редакторы Ерсайын Көшекұлы ағамызға айтқан өз сөзі.

ЖУРНАЛИСТ БОЛҒЫҢ КЕЛЕ МЕ?

Журналист болғысы келетін жастар күн санап көбейіп келеді. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті филология факультетінің деканы Айдарбек Ақболатовтың айтуынша, қазіргі уақытта білім бағдарламасына сәйкес журналистикаға қатысты негізгі пәндер оқытылып жүр. Студенттер медиа саласындағы мамандардан, облыстық, қалалық газет редакцияларында қызмет атқаратын білікті журналистерден дәріс алуда. Жуырда журналистикаға бет бұрып, мақала жазудың шеберіне айналғысы келетін Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің түлегі Әдемі Нұрланқызына, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті қазақ филологиясы мамандығының 1-курс студенті Зерігүл Жазыққызына және Орал қаласындағы Ә. Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің түлегі, «Алтын белгі» иегері Ақжібек Сағынбайға сауалнама сұрақтарын жолдап, олардың журналистика жөніндегі ой-пікірлерін білдік.

Жайық бойындағы жүздесу

Әнебір жылдары көрші Батыс Қазақстан мен Атырау, оның аудандары арасында экономикалық-әлеуметтік, мәдени-рухани байланыстарды нығайта түсу жөніндегі меморандумға қол қойылып, өнер ұжымдары бәсекесі ұйымдастырылып, мәз-мәйрам болысқанбыз.

Әркімнің жолы – әртүрлі сапар

Саясаттанушы, публицист, «Құрмет» орденінің кавалері Кенжеболат Жолдыбай өзі өмірге келген Жезқазған өңірінде ғана емес, республикалық деңгейде қоғамдық және мемлекеттік қызметтерде айшықты қолтаңбасын қалдырған, тәуелсіздіктің тұғырын нығайтуға зор үлесін қосқан азамат. Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары, Жезқазған облыстық «Білім» қоғамы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық ұйымының төрағаларының орынбасары болып, талай игі істердің басы-қасында жүрсе, елордасында да ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің БАҚ басқармасының бастығы, «Казахстанская правда» республикалық газеті бас редакторының орынбасары, «Заң АК» ашық акционерлік қоғамының Астана қаласындағы өкілдігінің жетекшісі, «Қазақстан»РТРК» АҚ төрағасының бірінші орынбасары, «Қазақпарат»ұлттық компаниясы»АҚ вице-президенті, «Sunna.kz» ақпараттық агенттігінің бас директоры, «Еуразия+ОРТ» бас директорының кеңесшісі, Республикалық «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті қызметтерін атқарып, абырой биігінен көріне білді.