Елін қорғау — ерге серт

Өз елінің патриоты болу, әскерге барып, еліне қызмет ету – әрбір жас қазақстандықтың міндеті.Әсіресе, әскери патриотизм тәрбиесі жасөспірімдерді еліне деген сүйіспеншілікке, Отан қорғауға, азаматтық қасиеттерге баулиды. Бұл ерлердің борышы екені Ата Заңда да айқын көрсетілген. Әскерге келген жастар да Отан алдындағы міндетін абыроймен атқарып, бір жылдан кейін үйлеріне нағыз сарбаз болып оралады. Сондықтан әскери бөлім – әрбір сарбазды шыңдайтын, шынықтыратын нағыз өмір мектебі.

ҚОРШАҒАН ОРТАҒА БӘРІМІЗ ЖАУАПТЫМЫЗ

Бізді қоршаған ортадағы сылдырай аққан бұлақ, жайқалған өскен ағаштар мен жасыл-ала шөп, саф ауа барлығы да табиғаттың бізге берген сыйы емес пе? Барлығының да сұрауы бар. Табиғатымыз таза болса, адам да аурудан таза, ғұмыры ұзақ болары сөзсіз. Ал, сол қоршаған ортаны, табиғатымызды аялау, қорғау, таза ұстау – біздің әрқайсымыздың парызымыз! Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында біздің тілшіміз Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы Нұрлан ЖАНТОҚОВҚА жолығып, сұхбаттасқан болатын.

Абдулла қажы Исмаилов: Ислам ақидасының негізі – Иман

«Ақылды адамда иман бар, иманды адамда ғибадат бар» деген сөз бар. Сондықтан адам иманға ұмтылады, ұғым — түсінігін дамытады, жетіледі. Жетілген сайын Аллаға мұқтаждығы артып, көп нәрсені білгісі де келеді. Осыған орай, қадірлі Яхия қажы Абдуллаұлы, бүгін Сіздей өмір жолы бай, Ислам ілімінің білікті де білімді маманымен әңгімелесудің сәті түсіп, сөз сұрап отырмыз.