Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің материалдық-техникалық базасы толықтай бюджет қаржысы есебінен қамтамасыз етілген.
Дегенмен, қасиетті ораза айында Атырау қаласындағы «Группа КЗ» компаниясы демеушілік негізінде өз бастамасымен мекеменің қызмет алушы қариялары мен мүгедектігі бар адамдарына жаңа үлгідегі көпфункционалды кереуеттер мен тумбалар сыйға тарту етіп, қызмет алушыларға қуаныш сыйлады.
Мекеме әкімшілігі және қызмет алушылар атынан «Группа КЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің менеджері Александр Канунников мырзаға және осы ұжымның қызметкерлеріне демеушілік көмек көрсеткендеріңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз.
«Группа КЗ» компаниясының ұжымына еңбекте табыс, барлық бастамаларына сәттілік, әрқашанда көпшіліктің алғысына бөлене беруіңізді тілейміз.
Алдағы уақытта да екі ұжым арасындағы ынтымақтастық, бірін-бірі қолдау бұдан әрі де жалғасын табады деп сенім білдіреміз.
Атырау қаласы « №4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы»