2021 жылғы 1 наурызда «Азаматтарға арналған үкімет» кадр резервіне өтініштер қабылдау басталып, 30 сәуірде аяқталған болатын. Барлығы 1 873 адам осы жобаға қатысты. Жобаның басты мақсаты — перспективалы қызметкерлерді табу, олардың құзыреттерін дамыту және алдағы уақытта бос басшылық лауазымдарға ұсыну.
««Азаматтарға арналған үкіметтің» кадр резерві — филиал қызметкерлерінің жас ерекшеліктеріне қарамай, жұмысқа деген ынтасы мен қабілетін көрсетуге мүмкіндік берген жоба болатын. Тұлғаның дамуы мен қалыптасуына жағдай жасаған басшылыққа алғысым шексіз. Қазақстанның түпкір-түпкіріне белсенді азаматтар еңбек ететін болса, ел болашағы жарқын боларына сенемін», — деді жоба қатысушысы Жансәуле Нұғманова.
Қорытынды кезеңнің нәтижесі бойынша «Дарындылар пулына» 353 адам қабылданды, оның ішінде 30-ы Мемлекеттік корпорацияның Ақтөбе облысы филиалының қызметкерлері. Бұл Республика бойынша үздік көрсеткіштердің бірі.
Жоғары әкімшілік лауазымдарға лайықты бос орындар пайда болған кезде, кадр резервіндегі кандидатуралары қаралатын болады.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ Ақтөбе облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметі