Бірнеше жылдан бері қазақстандықтар Ғашықтар күнін атап өтеді. Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың махаббат оқиғасы осы мерекенің символына айналды.
Бұл күні біз ғашық жұптарға қарым-қатынастарын ресми түрде бекіту жолын айтып бергіміз келеді.
Ол үшін:
eGov.kz порталына кіресіз > «отбасы» бөлімін ашасыз > «отбасы жағдайы» > «некені тіркеуге электрондық өтініш беру» > «Онлайн қызметке тапсырыс беру» > өтінімді толтырасыз > мемлекеттік баж алымын төлейсіз (1 АЕК — 2917 тг) > екінші тараптың некені растауын күтесіз.
1 жұмыс күні ішінде сізге өтінімнің мәртебесі туралы жауап келеді.
P. S. суретте Азаматтарға арналған үкімет қабырғасында табысқан біздің қызметкерлеріміз — Ақнұр мен Қуаныш.