«Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы» анықтаманы алу үшін әрбір қазақстандық ХҚО-ға жүгінген шығар. Бүгінде оны үйден шықпай-ақ алуға болады:
- Телеграм-бот @kenes1414bot
Көрсетілетін қызметтер > сот жұмысы > соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама > смс-тен растау кодын енгізу > анықтама телеграмға хабарламамен келеді - EGov mobile мобильді қосымшасы
Қызметтер > жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтылу > соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама > қызметке тапсырыс беру > қол қою > анықтама хабарламаларға түседі - Портал арқылы eGov.kz
Қызметтер > жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту > соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру > қызметке онлайн тапсырыс беру > қол қою > анықтаманы алу үшін 5-10 минуттан кейін жаңарту