Аманжолов Әнуар Ғалымжанұлы — 1997 жылы 15 — мамыр күні Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылында дүниеге келген. М.Өтемісов атындағы БҚМУ филология факультетінің түлегі. Бүгінгі таңда «Тайпақ мектеп — гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады.

Ей,дүние, қорқытпа түнегіңмен,

Мен де бейбақ едім ғой тілегі өлген.

…Маған мәлім сезімді,

Сәтті осынау —

Сезіне алмай жүрмін ғой жүрегіммен.

Сөге көрме.

Айыпқа бұйырма да,

Сауабы жоқ мінәжәт,

Сыйнған да

Тәңіріме қосар ем тілегімді,

Тостағыма бар күнәм құйылғанда.

Шалқып тұрып,о,сосын,

Тербелемін…

Шылым шегем.

Араласып түтінге,

Шерге өлеңім.

Өксігіме барамын жұтылып мен,

Тарылып бара жатыр шеңгелі оның.

…Бір мұхитта келеміз,бөлек кеме,

Көкке қарап айтатын көп өкпе де.

…Екеуміз де сыйынар бір-ақ Құдай,

Оқылатын дұғамыз бөлек неге?!…

                     

«Мәңгілік күндей анашым»

Ф. Оңғарсынова

Ана!

Мен жүрмін…

Бұл қала.

Қуана алмаймын,

Мұңдана.

Еміме дəру тыныштық жəне түн ғана.

Күмәнім алға бастырмай мені,

Бауырына баса ма деп ем

Бұл қала жатсынбай мені.

Өзіңдей көріп.

Құрсақтан екеу ек ежелден бері

мейірім және мен

Тастақтың тар көшелерінен

Тартып əкетті мені иірім.

Дәмі де ащы,əні — мұң!

Сен танымайсың ғой мені

Қазір мөлдір көзім де құрғаған.

Кінəмшіл көңілдер лебі

Үсірген жүрегім жасқаншақ,

Қайтейін. Бəрі де тұл маған.

Бəрі де болмаған…

О бастан дұрыс боп.

Айтылған ертегі,

О бастан салған əн

…Отанның құшағы оттан да ып-ыстық,

Құрсақтай жылы жер болмай тұр

Дəл маған.

Ана!..

Не позволю мямлить стих…

В.В.Маяковский

               

Сезімнің кетсе сүйкімі қашып,

Оянбай қалса ұйқылы ғашық.

Естілсе құстың қиқуы қашық,

Жаныңды мұңның қиқымы басып.

Танымай қалып өзіңді-өзің,

Күтуден шаршап көз ілді төзім.

Тəңірге жетпей үзілді сөзім,

Уақыттан тығып жүзімді өзім.

Үмітің ойшыл алдаса,кəні,

Түседі түгел жанға салмағы.

Құрғаған санаң қанбаса нəрі,

Өмір сүргенің…далбаса бəрі.

Əлемнің салған сазарып əні,

Мұңымды естігем ғажабындағы.

Өлең болмайды ғазалдың бəрі,

Ойымның мен ем таза құрбаны.

Мен өлеңді тірілтіп алғам,

Мұқағалидің мазарындағы! 

SILENTUIM

Мен кешегі төгілген жасты айтамын,

Жүрегіңе батады тастай сағым.

Саусағыңның ұшында шыр айналған,

Менің бос айқайым.

Білмегенсіп жүргенмен біз білетін,

Миығынан майысып күз күлетін.

Жымисаңыз құлайтын «Құдайым» деп,

Аңғал болып кетіпті біздің ел тым.

Махаббат па?…

Сіз,бірақ,сенбей налып,

Бұрымыңыз жағалай көкжиекті

Түнге айналып…

Қарашығым майысты кірпік қағып,

Кеше көрген түстерім өңге айналып

Өліп кетсем…

Ақ өлім…перизатсыз…

Мен білмейтін соқпақпен келе жатсыз.

Елестетіп көріңіз сүйіп тұрып,

«Сізді сүйдім,тыңдаңыз» деген жоқсыз.

Қиялымда болмады гүлдерге аунау,

Құпиясын құлыптар түндер марғау

…Содан кейін

көзіңізден оқыған нәрселерді

құлағыммен естуге үлгере алмау…

…білесіз бе сондай қиын.

Дедің бе сен:»мені жоқтамадың».

Ал,мен жоқ қарадым.

Бір қайрылған жеріңде ұмыт қалған

сөзің үшін,дұрыс-ау,соқпағаның.

Өлеңім де,өмір де,сөзім де шын,

Сезінбесе өртенсін,сезінбесін.

Құдіретті Тәңірім түн ауған шақ,

Оған дұға жасамай көз ілмеші…

Өзіңе бір қарадым,бұлтқа бір,

Өңешіңнен өксігің шығыпты ауыр.

Мен бетіңді сипадым.Бақытты бол

…қолдарым сынып қалғыр!

#Астрахань

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *