1998 жылы Ресей азаматына тұрмысқа шыққан 1963 ж.т. азаматша Ресей Федерациясына көшіп кеткен. 2007 жылы РФ азаматтығын қабылдайды, бірақ, ол басқа елдің азаматтығын алғаны туралы отыз күн ішінде елшілікке немесе ішкі істер органдарына хабарламаған.Сонымен қатар, бұл азаматша осы уақытқа дейін КР азаматының жеке куәлігін тапсырмай келген. Тексеру барысында, 2012-2019 жылдар аралығында Қазақстан аумағына бірнеше рет келіп, елден Ресей Федерациясының паспортымен шыққаны анықталды. Құрманғазы аудандық полиция бөлімімен азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК – нің 496-бабының 2-бөлігі «ҚР заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау» бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.