Атырау полицейлері 3 қараша күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Грузия елінің 35 жастағы азаматын ұстады. Ол 2012 жылдың желтоқсанынан грузин полициясыменалаяқтық қылмысы үшін іздеуде жүрген.2017 жылдың мамыр айында Тбилиси соты оны сырттай 7 жылға бас бостандығынан айырған. Өз елінің құқық қорғау органдарынан сегіз жыл бойы ізін жасырған азамат қазіргі уақытта Атырау қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Шетелдік азаматты экстрадициялау мәселесі шешілуде.